ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Департамент туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
21 мая 2026
Алматыда түнгі рейд: ондаған жасөспірім полицияға жеткізілді

Алматы қаласында түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды анықтауға бағытталған профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – заңды өкілдерінсіз түнгі мезгілде үйден тыс жүрген, сондай-ақ ойын-сауық орындарында болған жасөспірімдерді анықтау.

Рейд барысында полиция бөлімшелеріне 47 кәмелетке толмаған жеткізілді. Олардың ішінде 10 өзге өңірден келген жасөспірім Балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Әсіресе компьютерлік клубтардың қызметіне ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижесінде үш мекемеде кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ересектердің қарауынсыз болғаны анықталды. Аталған орындардан барлығы 10 жасөспірім табылса, оның 6-ы басқа өңірлерден келген.

Анықталған деректер бойынша ойын-сауық орындарының иелеріне қатысты кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуына жол бергені үшін әкімшілік материалдар жинақталды. Сонымен қатар, балаларын тәрбиелеу және бақылау міндеттерін тиісінше орындамаған ата-аналар мен заңды өкілдер де жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, рейд қорытындысы бойынша 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 4 дерек – кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуы бойынша, 34 дерек – жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүруі бойынша тіркелді.

Алматы қалалық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар ең алдымен профилактикалық сипатқа ие.

«Біздің басты мақсатымыз – жазалау емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің бақылауынсыз жүруі олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Ата-аналарды балалардың қайда және кіммен жүргеніне жіті назар аударуға шақырамыз», – деп атап өтті ол.

Әкімшілік полиция
04 мая 2026
Алматыда 1 400-ден астам жол белгісі жаңартылды

Алматыда Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері көше-жол желісіне жоспарлы тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша коммуналдық қызметтерге тиісті нұсқамалар берді.

Тексеру жұмыстары көлік қозғалысы жоғары учаскелерді, соның ішінде мектептер, балабақшалар, сауда үйлері мен азаматтар көп шоғырланатын өзге де орындардың маңын қамтыды. Негізгі назар жол белгілерінің жай-күйіне, жол таңбаларының сапасына, сондай-ақ жол инфрақұрылымының көріну деңгейіне аударылды.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша коммуналдық қызметтерге жол белгілерін жаңарту, жол таңбаларын қалпына келтіру және жол қозғалысына қатысушылардың көрінуіне кедергі келтіретін ағаш бұтақтарын қырқу тапсырылды.

Қазіргі таңда 1 400-ден астам жол белгісі жаңартылып, 20 мың шақырымнан астам жол таңбасы сызылды.

Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев аталған жұмыстардың жоспарлы әрі маусымдық сипатқа ие екенін атап өтті.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі қарапайым, бірақ аса маңызды элементтерден — анық жол таңбалары, айқын көрінетін белгілер және ашық көріну аймағынан басталады. Әсіресе бұл білім беру ұйымдары мен адамдар көп жиналатын орындар маңында ерекше өзекті. Біздің міндетіміз — осындай учаскелерді дер кезінде анықтап, оларды нормативтік талаптарға сәйкестендіруді қамтамасыз ету», — деді полиция полковнигі.

Полиция департаментінде бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.

04 мая 2026
Алматы полициясы күзет ұйымдарына қауіпсіздік талаптарын еске салды

Алматы қаласы Полиция департаментінде күзет қызметін бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен күзет ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы осал нысандардағы қауіпсіздік шараларын күшейту, оның ішінде терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету және күзет қызметтерінің сапасын арттыру болды. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігі басты назарда болатын жалпы білім беру мекемелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Кеңес барысында күзетшілердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар, төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері, сондай-ақ қолданыстағы нормативтер мен нұсқаулықтарды қатаң сақтау қажеттілігі талқыланды. Күзет құрылымдарының өкілдеріне жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Аталғандай, білім беру нысандарын күзету тек тиісті даярлықтан өткен, кез келген қауіп-қатерге жедел әрекет ете алатын және қауіпсіздіктің лайықты деңгейін қамтамасыз ететін білікті мамандармен жүзеге асырылуы тиіс.

«Балалардың қауіпсіздігі — бұл даусыз басымдық. Мектептерде қызмет атқаратын күзет ұйымдары тек формалды түрде қатысып қана қоймай, нақты қорғанысты қамтамасыз етуі тиіс. Бұл кәсібилікті, тәртіпті және жауапкершілікті терең түсінуді талап етеді. Қойылатын талаптардың кез келген бұзылуы полицияның қатаң бақылауында болады», — деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.

Полицияда күзет құрылымдарымен өзара іс-қимыл алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасатыны, ал білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау күшейтілетіні атап өтілді.

04 мая 2026
Алматыда заңсыз сыра өндіретін жасырын цех жойылды

Алматы қаласы Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері «Алко-Стоп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру дерегін анықтады.

Тексеру барысында жертөле ғимаратында орналасқан сыра өндіретін жасырын цех әшкереленді. Оқиға орнынан арнайы қайнату жабдықтары, дайын өнімнің ірі көлемі, сондай-ақ өндіріс процесінде пайдаланылатын ыдыстар мен шикізат табылды.

Заңсыз айналымнан шамамен 7 мың литр сыра, астыртын өндіріс құрал-жабдықтары, құюға арналған кегтер, шыны ыдыстар және алкоголь өнімдерін дайындауға арналған шикізат тәркіленді.

Аталған факті бойынша барлық мән-жайды жан-жақты анықтауға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылдауға бағытталған тексеру іс-шаралары басталды.

Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

«“Алко-Стоп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру дерегі анықталды. Жасырын цех әшкереленіп, жабдықтар мен дайын өнімнің ірі партиясы тәркіленді. Мұндай құқық бұзушылықтар ерекше бақылауда. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Полиция азаматтарға алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру мен өткізудің заңмен көзделген жауапкершілікке әкелетінін ескертеді», — деді ол.

Жеке құраммен жұмыс
04 мая 2026
Ер есімі ел есінде: Алматы мектебінде полиция сыныбы ашылды

Алматы қаласындағы №129 мектепте қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Бауыржан Нұрмаханбетовтің есімі берілген «Жас сақшы» бейіндік полиция сыныбы ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов, білім беру жүйесінің өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

Полиция сыныбы өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметін арттыру және ішкі істер органдарындағы қызметке қызығушылығын ояту мақсатында құрылған. Оқушылар құқық негіздерін, тәртіп пен саптық даярлықты меңгеріп, профилактикалық және патриоттық іс-шараларға белсенді қатысатын болады.

Аталған сынып патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының аға инспекторы Бауыржан Нұрмаханбетовтің есімімен аталады. Ол 2016 жылы ерлігі мен жанқиярлығы үшін қайтыс болғаннан кейін «Айбын» орденінің II дәрежесімен марапатталған.
Қызметтік міндетін орындау барысында Бауыржан Нұрмаханбетов қарулы қылмыскерді тоқтатуға және оның әрекетін бұғаттауға ұмтылып, жүргізілген операция кезінде ауыр жарақат алып, қаза тапқан.

«Мұндай сыныптардың ашылуы — жай ғана білім беру жобасы емес. Бұл — азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді қалыптастыруға, полиция мамандығына деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Сыныпқа берілген ер есімі жас ұрпақ үшін батылдық пен антқа адалдықтың үлгісіне айналады», — деді Әділғожа Құсайынов.

Полиция департаментінде «Жас сақшы» қозғалысын дамыту алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді. Мұндай бастамалар қоғамның полицияға деген сенімін нығайтып, заңға бағынатын саналы ұрпақты қалыптастыруға ықпал етеді.

30 апреля 2026
Алматы көшелеріне әкімшілік полицияның мото-патрульдері шықты

Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы тәртібін нығайту мақсатында мото-патрульдік взводтың жұмысы күшейтілді.

Әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальоны құрамына кіретін бұл бөлімше жол-көлік жағдайына жедел әрекет ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын азайту үшін, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде қызмет атқарады.

Мото-патруль құрамында 30 мотоцикл бар, бұл олардың жоғары мобильділігін қамтамасыз етіп, жол қозғалысы ережелерінің кез келген бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, мото-патруль бөлімшелерінің негізгі міндеті — жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

«Мото-патрульдер жол жағдайындағы өзгерістерге жедел әрекет етуге, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жолын кесуге, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар арасындағы тәртіпті арттыруға мүмкіндік береді. Басты мақсатымыз — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру», — деді ол.

Мото-патруль экипаждары қаланың ең жүктемесі жоғары көшелері мен жол учаскелерінде қызмет атқарып, тұрақты бақылау мен жедел әрекет етуді қамтамасыз ететін болады.

30 апреля 2026
Тұрғындардың қырағылығының арқасында полицейлер ауыр қылмыстың алдын алды

Алматы қаласының полицейлері нәтижесінде зейнеткер тұрғын үйінен айырылып қалуы мүмкін болған қылмыстық әрекеттің жолын кесті.

Алматы қаласының Түрксіб ауданында полиция қызметкерлері ер адамды заңсыз бас бостандығынан айыру және оған қатысты алаяқтық жасау әрекетімен байланысты ауыр қылмыстың жолын кесті.

Алматы қаласында жалғыз тұратын 81 жастағы зейнеткердің жоғалып кеткені туралы полицияға оның танысы хабарлаған.

Жедел әрекет ету нәтижесінде зейнеткер қала маңындағы елді мекендердің бірінде, жергілікті тұрғындардың үйінен табылды. Оны ұрлады деген күдікпен үш азамат ұсталды.

Анықталғандай, күдіктілер жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның осал жағдайын пайдалана отырып, бас бостандығын шектеген және жылжымайтын мүлкін өз атына рәсімдеуге көндірмек болған.

Адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер — екі ер адам мен бір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Азаматтардың дер кезінде хабарлауы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр салдардың алдын алып, зейнеткердің құқықтары қорғалды», — деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға, сондай-ақ әрбір күдіктінің рөлін айқындауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

30 апреля 2026
Телефон арқылы жасалатын жалған терроризмнің алдын алу: Алматыда ақпараттық жоба бастау алды

Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы профилактикалық жұмыстар аясында телефон арқылы жасалатын жалған терроризм актілерінің алдын алуға бағытталған ақпараттық бейнематериалдар циклін іске қосты.

Жобаның алғашқы бейнеролигі «жалған қоңыраулар», яғни жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы әдейі жалған хабарламалар беру тақырыбына арналған. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіріп, қала тіршілігінің қалыпты ырғағын бұзады.

Материалда аталған іс-әрекеттердің ешқандай да «әзіл» еместігі, керісінше, олардың ауыр құқықтық салдарға, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні түсіндіріледі. Сондай-ақ бір ғана жалған хабарламаның өзі адамдарды жаппай эвакуациялауға, шұғыл қызметтердің айтарлықтай күштері мен құралдарын жұмылдыруға, әлеуметтік нысандар жұмысының бұзылуына себеп болатынына ерекше назар аударылады.

Алматы қалалық жедел штабында жобаның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және цифрлық әрі телефондық ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті.

Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы

30 апреля 2026
Алматыда қаланың аудандық полиция басқармаларын біріктірген ерекше визуалды челлендж — «Заң мен тәртіп» бастау алды.

Жобаның идеясы қарапайым әрі мазмұнға бай: полицияның әкімшілік ғимараттарының қасбеттерінде жарықпен жазылған «Заң мен тәртіп» жазуы пайда болып, ол қызмет қағидаттарының, жауапкершіліктің және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы күнделікті еңбектің символына айналуда.

Челлендж эстафетасын алғаш болып Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастап, кейін бұл бастаманы Алмалы аудандық полиция басқармасы жалғастырды. Алдағы уақытта жоба Алматы қаласы Полиция департаментінің барлық аудандық бөлімшелерін кезең-кезеңімен қамтитын болады.

Түнгі уақытта жарқыраған жазу қалалық кеңістіктің айқын элементіне айналып, мегаполис өміріндегі заң мен тәртіптің маңызын бейнелейтін ықшам әрі әсерлі нышан ретінде көрініс табады.

Жобаның авторы, Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Жанат Омаров бастаманың мәніне тоқталып өтті:

«Бұл тек ғимаратты безендіру емес, әрбір азаматқа түсінікті белгі болуы тиіс деп ойладық. “Заң мен тәртіп” — жай ұран емес, бұл әр полиция қызметкерінің күнделікті жұмысы. Осы мазмұнның тек мағыналық тұрғыда ғана емес, визуалды форматта да, яғни қалалық кеңістікте айқын көрініс табуы маңызды», — деді ол.

Аталған челлендж қала аудандары бойынша кеңінен таралып, Алматы полициясының қызметіндегі сабақтастықты айқындайтын бірыңғай визуалды стильді қалыптастыруға бағытталған.

Жергілікті полиция қызметі
30 апреля 2026
Алматыда «Алко-стоп» шарасы аясында 840 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді

Алматы қаласында мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Алко-стоп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Рейдтердің алғашқы күндерінде-ақ полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда алкоголь ішу, спирттік ішімдіктерді заңсыз сату және қоғамдық тәртіпті бұзу деректері бойынша ондаған құқық бұзушылықты анықтады.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикаға, сондай-ақ есепте тұрған тұлғаларды бақылауға ерекше назар аударылуда.

Сонымен қатар, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.

Полиция мәліметінше, бір күннің өзінде қаланың әртүрлі аудандарында спирттік ішімдіктердің ірі партиялары тәркіленіп, алынған алкоголь өнімдерінің жалпы көлемі 840 литрден асты.

«“Алко-стоп” жедел-профилактикалық іс-шарасы ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Біз алкоголь өнімдерін сату процесіне, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық орындардағы тәртібіне бақылауды күшейттік. Жастар арасындағы профилактикаға және кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың алдын алуға ерекше мән берілуде», — деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Алматы қаласының полициясы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда және азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері