ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
24 апреля 2025
Алматыда қиын жасөспірімдерге әскери-патриоттық фестивальге саяхат ұйымдастырылды

Алматы қаласының ювеналды полициясы «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «Аманат» партиясының қолдауымен өткен әскери-патриоттық фестивальге 80 қиын жасөспірімді қатыстырды.
Қатысушылар – қаланың сегіз ауданынан 10 баладан – жас патриоттар, жас әскерлер мен белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленетін мектеп оқушыларының басын қосқан ауқымды шараға қатысты.
Көптеген жасөспірімдер үшін бұл бірінші тәжірибе болды - патриоттық рухты ояту, бірлік пен өзара сыйластық атмосферасын сезіну мүмкіндігі.
Саяхаттың мақсаты жасөспірімдердің бойында жауапкершілік сезімін ояту, заңға, қоғамға, өзін құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Жағымды үлгі көрсететін қатарластарымен тікелей байланыс арқылы қатысушылар маңызды өмірлік нұсқаулар алады, дұрыс жолды таңдауға шабыттанады және өзіне деген сенімін нығайтады.
«Біз профилактикалық жұмысымызға тәрбиелік іс-шараларды әдейі енгіземіз. Мұндай саяхаттар балаларға жағымсыз ортадан құтылып қана қоймай, сонымен қатар нағыз баламаны – жарқын, заңға бағынатын, құрметтейтін жолды көруге мүмкіндік береді. Әрбір жасөспірім өзін бағалайтынын, өзінен үміт күтетінін, отбасының және өз елінің мақтанышы бола алатынын білуі маңызды», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасы ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.
Алматы полициясы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып, тек қадағалауды ғана емес, сонымен қатар терең тәрбиелік, түсіндіру жұмыстарына да көңіл бөледі.

24 апреля 2025
Алматы полиция қызметкерлері спорттық самбодан Азия және Океания чемпионатының жеңімпаздары қатарында
Ташкентте 24 елден келген мықты спортшылардың басын қосқан спорттық самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 93 медаль – 27 алтын, 30 күміс және 36 қола жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.
Ел намысы үшін күрескендердің қатарында Алматы қалалық полиция Департаментінің ЖҚАЖ қызметкерлері де бар.
Мына қызметкерлер күштің, төзімділік пен батылдықтың нағыз үлгісі болды:
- полиция майоры Айбек Атажан, ЖҚАЖ инспекторы – 79 келі салмақ дәрежесінде, алтын медаль;
* полиция подполковнигі Ербол Байбусунов, ЖҚАЖ ротасының командирі – 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде, қола медаль;
* полиция капитаны Дәурен Қамаш, ЖҚАЖ аға инспекторы – 88 келі салмақта, қола медаль.
Алматы қалалық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы Басқармасы хабарлағандай, ЖҚАЖ жауынгерлері дәстүрлі түрде жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Қазақстанды халықаралық аренада таныстыруда.
Жеңімпаздарды халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткені және қазақстан полициясын лайықты танытқаны үшін Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, генерал-майор Арыстанғани Заппаров жеке құттықтады.
Ол мұндай жетістіктер тек спорттық жетістік емес, полицияның тәртіпті, күшті және патриоттық оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі екенін атап өтті.
Жергілікті полиция қызметі
24 апреля 2025
Тағы бір құқық бұзушы жанармай құю бекетінде дрифт жасағаны үшін жауапқа тартылды

Алматыда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы Ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Мониторинг барысында жанармай құю бекеттерінің бірінің аумағында қауіпті маневр жасау дерегі тіркелді. Спорттық көлік басқалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және апаттық жағдайды тудыратын дрифт элементтерін жасады.
Полиция қызметкерлері 23 жастағы жүргізушіні анықтады және ұстады. Оған қатысты маневр жасау ережелерін бұзып, апаттық жағдай туғызғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот жүргізушіні 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
«Мұндай бұзушылықтардың әрқайсысы - айналадағыларға қауіп төндіреді. Жол - экстремалды жүргізу дағдыларын көрсететін орын емес. "Қауіпсіз жол" ЖАІ аясында біз мұндай жағдайларға басымырақ көңіл бөлеміз . Жауапкершіліктің болатыны сөзсіз», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушылардың барлығын белгіленген ережелерді сақтауға шақырады.
Заң және Тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің негізі.
Қоғамдық орындарда қауіпті көлік жүргізуді көрсету - стиль емес, заңды салдарға әкеп соқтыратын өрескел бұзушылық екенін еске саламыз.

24 апреля 2025
Алматы полициясы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін бақылауды күшейтті

Алматыда «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің алдын алу бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда.
Медеу ауданының аймағында әкімшілік полиция қызметкерлері тұрғындарға жолдан өту ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жаяу жүргіншілерге жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері мен құқық бұзушылықтың салдары түсіндірілген жадынамалар таратылды. Алдын алумен қатар, полиция қызметкерлері, жасөспірімдер мен жастардың рұқсат етілмеген жерлерден жол бөлігін кесіп өту деректерін тіркеді.
«Жаяу жүргінші – жол қозғалысының толыққанды қатысушысы. Ал оның жолдағы жүріс-тұрысына біраз нәрсе байланысты. Біз қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастырып, жолдың қателікті кешірмейтінін еске саламыз. Қауіпсіздік әркімнің өзінен басталады», - деді, Медеу аудандық ПД ӘПБ бастығы Арман Усаев.
Алматыда жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Статистикаға сүйенсек, көп жағдайда тәртіп бұзушылар - жаяу жүргіншілер болып шығады. Олар жолды дұрыс емес жерден кесіп өтіп, гаджеттерді пайдаланып, бағдаршамды елемейді.
Алматы полициясы, жол қозғалысы ережелерін сақтау - формальдылық емес, әрбір адам үшін қауіпсіздік кепілі екенін еске салады.
«Қауіпсіз жол» ЖАІ аясындағы жұмыстар жалғасын табады.

24 апреля 2025
Алматы полициясына экскурсия: жас мектеп оқушыларына - азаматтық жауапкершілік сабағы

«Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы қаласы Медеу ауданындағы мектеп оқушылары үшін полиция Департаментіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Жас алматылықтар полиция Мұражайын аралап, ІІО-ның бай тарихымен және ондаған жылдар бойы қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесімен танысты.
Балалар ішкі істер органдарының дамуына, қызметкерлердің ерліктеріне, сондай-ақ заманауи жетістіктерге арналған экспонаттарды қызығушылықпен тамашалады.
Экскурсияның ең есте қалатын сәттерінің бірі, Алматы полициясының жүрегі – Жедел басқару Орталығына бару болды. Мұнда 102 желісі арқылы азаматтардан түскен сигналдар тәулік бойы қабылданып, өңделеді, патрульдік және төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы үйлестіріліп, бейнебақылау арқылы қаладағы жағдай бақыланады.
«Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін, заңға деген құрмет пен полицияға деген сенімін қалыптастыруға бағытталған. Біз балалардың өз құқықтарын біліп қана қоймай, Заңды сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге тырысамыз. Полицияны іштей танып-білу мектеп оқушыларының бойында дұрыс бағыт-бағдар қалыптастыруға және олардың құқықтық санасын нығайтуға септігін тигізеді», - деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тек көшедегі жұмыс емес, диалог, сенім және тәрбие. Полицияға экскурсия мектеп оқушылары үшін нағыз жаңалық және мүмкін, олардың болашақ мамандық таңдауына шабыт болды.

Жергілікті полиция қызметі
24 апреля 2025
Қауіпсіз жол: 70-тен астам жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік жүргізгені үшін жазаланды

Алматыда «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
ЖАІ негізгі мақсаты – жазатайым оқиғаларды азайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдарда тұрақты мінез-құлық мәдениетін дамыту.
Көлік құралдарын, оның ішінде мопедтерді тіркеуге ерекше назар аударылады. Тек бірнеше күннің өзінде 70-тен астам жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың жартысынан көбі мопед жүргізушілері.
Алматыда «Қауіпсіз жол» ЖАІ басталғалы бері төмендегілер жауапкершілікке тартылды:
- 285 жүргізуші – маневр жасау ережесін бұзғаны үшін;
- 119 - апаттық жағдай туғызғаны үшін;
- 29 - бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін;
- 11 - қарама-қарсы жолаққа шыққаны үшін;
- 35- көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарғаны үшін,
сондай-ақ ондаған басқа жүргізушілер - өзге де өрескел бұзушылықтар жасағаны үшін.
Бұл бұзушылықтар қауіпсіздік деңгейіне тікелей әсер етіп, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Күн сайын миллионнан астам көлік, соның ішінде басқа қалалардан келген көліктер жүретін ірі шаһар жағдайында әрбір мұндай бұзушылық ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы жұмыс тек заң бұзушылықтарды анықтауға және алдын алуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы ережелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.Жол қауіпсіздігі – әр қатысушының ортақ жауапкершілігінің нәтижесі. Полиция қызметкерлері көшелерде қайғылы оқиғалардың аз болуы үшін тәулік бойы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаев.

24 апреля 2025
Жол тәртібі – қауіпсіздік кепілі: рейдтер жалғасуда

«Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу ауданының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде, әсіресе екі доңғалақты көлік жүргізушілерінің арасында.
Іс-шараның небәрі екі күнінің ішінде ауданда мопед жүргізушілері жасаған 360-тан астам заң бұзушылық анықталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін, атап айтқанда: мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің, сақтандыру полистерінің, жүргізуші куәліктерінің жоқтығы, сондай-ақ жол белгілері мен бағдаршамдарды елемегені үшін 200-ден астам көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін өрескел және жүйелі бұзушылықтарға ерекше назар аударылады.
«Әрбір мұндай бұзушылық - ықтимал қасірет болып табылады. Жолда мопед және скутер жүргізушілерінің жауапсыз әрекетіне жол беруге болмайды. Біз профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз, бірақ сонымен қатар, қатаң және заң аясында әрекет етеміз. Жол қозғалысы ережелері - ұсыныс емес, барлығына міндет», - деді, Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов.
Аудандық полиция қызметкерлері күнделікті жұмысын күшейтілген режимде жалғастыруда.
Жасақтар күн сайын көшелерді аралап, мектептердің жанында, аулаларда рейдтер жүргізеді.

Жергілікті полиция қызметі
24 апреля 2025
Алматыда Наурызбай ауданы мектептері арасындағы ЖЖИ жиынының іріктеу кезеңі өтті

«Қауіпсіз жол» және «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Алматы қаласының Наурызбай ауданында жас жол инспекторларының (ЖЖИ) қалалық жиынының іріктеу кезеңі өтті.
Аудан мектептерінің оқушылары әртүрлі номинациялар бойынша: жол қозғалысы ережелерін білу, «Үздік жол реттеуші», «Үздік санитарлар командасы», мәнерлеп жүргізу және басқа да жарыс тапсырмалары бойынша жоғары дайындықтарын көрсетті. Әрбір қойылым тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар жолда қауіпсіз жүріс-тұрыстың практикалық дағдыларын да көрсетті.
Байқау сынақтарының қорытындысы бойынша №192 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының командасы қалалық ЖЖИ жиынына Наурызбай ауданының атынан қатысу құқығын жеңіп алды.
Оқушылар үйлесімді іс-әрекеттерін, сенімділіктерін, тамаша дайындықтарын және ЖЖИ қозғалысына қатысуларын арнаған жұмысқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Ұйымдастырушылар өскелең ұрпақ арасында жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай шаралар балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуда басты рөл атқарады.

24 апреля 2025
Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарының біртұтас саптүзеуі өтті

«Қауіпсіз жол» және «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Алматы қалалық полиция Департаментінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған біріктірілген күштердің бірыңғай саптүзеуі өтті.
Іс-шара полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаровтың жетекшілігімен өтті.
Жиналған қызметкерлерге Мемлекет Басшысының «Заң және тәртіп» қағидаты аясында, сондай-ақ Ішкі істер Министрінің «Профилактика жылы» аясында алға қойған негізгі міндеттерін еске салды.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты болдырмау, жалпы алғанда қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
«Алматы полициясы Елбасы айқындап берген басым бағыттарға сай жұмыс істейді. Заң және тәртіп – біздің жұмысымыздың негізі. Біз уақыт талабына жедел әрі кәсіби ден қоюға міндеттіміз. Әрбір полиция қызметкері азаматтардың қауіпсіздігіне жауапты. Бүгінгі күні қызметтік борышын адал атқарып жүргендерге алғыс айтамын», - деді, полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
Шара барысында қала көшелеріндегі тәртіпті күнделікті қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция және басқа да қызметтердің ерекшеленген қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Алматы тұрғындарының тыныштығы үшін кез келген жағдайда тәулік бойы қызмет ететіндер осылар.
Бірыңғай саптүзеу жеке құрамның бірлігі мен жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын көрсетіп, ішкі істер органдарының кешенді профилактикалық жұмысының маңызды бөлігіне айналды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
24 апреля 2025
Алматыда 19 жастағы есірткі бетбелгісін қоюшы ұсталды

Алматы қаласының шағын аудандарының бірінде жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 2006 жылы туған жас жігітті ұстады. Оның ерекше иісті, ақ ұнтақ заты бар байламдар алып жүргені белгілі болды.
Алдын ала анықталғандай, тәркіленген зат синтетикалық есірткі болуы мүмкін.
«Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, Алматы полициясы жастарды "жеңіл ақша" деген желеумен есірткі таратуға тарту аса қауіпті құбылыстардың бірі екенін еске салады. Бетбелгі қоюшыларды анықтау және ұстау жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы