ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
12 июля 2024
Алматы полициясы: аялдаманы сындырған бұзақы ұсталды

Бұрын хабарланғандай, Алматының Бостандық ауданында 32 жастағы ер адамның бұзақылық әрекеті орын алған.
«Естеріңізге сала кетейік, ол аялдамалардың бірінің терезесін көрнекі түрде сындырған. Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Ол ұсталып, ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Сонымен қатар, Алматы қаласының полициясы азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға және қылмысқа мүлдем төзбеушілік танытуға шақырады.
Қоғамға жат мінез-құлық, бұзақылық және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірудің әрбір дерегі принципті әрекет пен құқықтық бағамен жалғасатын болады.

Кадр саясаты
12 июля 2024
Алматы полициясының қатарын жас офицерлер толықтырды

30 полиция қызметкеріне бірінші офицер шендері табыс етілді.
Салтанатты шара полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров басқаратын полиция Департаментінде өтті.
«Сіздерді алғашқы офицерлік шендеріңізді алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер Алматы полициясының қатарына қосылып, еліміздің ең ірі шаһарындағы тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігіне жауаптылардың бірі болдыңыздар. Қымбатты әріптестер! Әрқашан Анттарыңызға адал болыңыздар! Жалпы Алматы полициясының жұмысы әрқайсыңыздың іс-әрекеттеріңізбен бағаланады. Сондықтан әділ, адамгершілікті, жауапты, адал тәртіп сақшылары болыңыздар», - деді, Арыстанғани Заппаров.

Жергілікті полиция қызметі
12 июля 2024
Алматы полицейлері автотұраққа қойылған мопедтерді көрсетті

Бұрын бірнеше рет хабарлағанымыздай, Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы деректерді анықтау және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізілуде.
Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, оған қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді.
«Мәселен, өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды, оның басым бөлігін электросамокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар жасаған.
Жалпы, самокаттар мен мопедтерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты жергілікті іс-шара басталғаннан бері (01.06. бастап) 4 мың 800 мопед жүргізушісі және 5 мың 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың екі доңғалақты көлікті пайдалануына ерекше назар аударылады.
100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды, бұл жалпы заң мен қауіпсіздік стандарттарына қайшы келеді», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Спикердің айтуынша, кең ауқымды рейдтер нәтижесінде 1 мыңнан аса мопед, сондай-ақ 3 мың 625 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.
«Ішкі істер Министрлігі қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды.
Алайда қайғылы оқиғалар жалғасуда.
Статистика негізді алаңдаушылықты тудырады. Самокат пайдаланушылары - жол қозғалысына қатысушылардың осал санаттарының бірі болып табылады.
Жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты.
68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген», - деді, полковник Шумаев.

12 июля 2024
Алматылық патрульдік полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алды

«102» пультіне Рысқұлов даңғылы бойындағы хостелдердің бірінде, 4-қабаттың терезесінде ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болып отырғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнына «Буран-175» және «Буран-170» патрульдік экипажы келді. ППП қызметкерлері мән-жайды зерделеп, терезедегі ер адаммен әңгіме-дүкен құрып, оны алаңдата бастады. Осы уақытта инспекторлардың бірі қолайлы сәтті күтіп, ер адамды мойнынан ұстап, бірлесе отырып бөлмеге сүйреп кіргізді. Күдіктінің мас болғаны белгілі болды. Ол отбасылық мәселелеріне байланысты шарасыз әрекетке баруды ұйғарғанын айтты», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Дәрігерлер зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Кейін мән-жайдың анық-қанығына жету үшін Жетісу аудандық полиция Басқармасына жеткізілді.
Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің объективті себептері анықталуда.

Жергілікті полиция қызметі
12 июля 2024
«Құқықтық тәртіп»: демалыс күндері Алматы жолдарында 8 мас жүргізуші ұсталды

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының кезекті кезеңі өтіп жатыр.
«Кең ауқымды іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың салдарының ауырлығын азайтуға, Жол қозғалысы Ережелерін бұзу деректерінің жолын кесуге және анықтауға бағытталған. Профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, жол қозғалысына қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарудың 8 дерегі, жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың көлік құралын басқаруы 16 дерегі, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығудың 9 дерегі, автокөлікті қайта жабдықтаудың 7 дерегі, көлік құралы терезелерін қараңғылаудың 38 дерегі және т.б.
Сондай-ақ, самокат тізгіндеген 303 адам және мопед басқарған 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілетін күндері патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет атқарады.
«Бірінші кезектегі міндет – жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, өрескел бұзушылықтар – мас күйінде көлік жүргізу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу, апаттық жағдайдағы көліктерді анықтау және жолын кесу», - деді, полковник Шумаев.

12 июля 2024
Алматы полициясы біртұтас Таргетай платформасында бейнебақылау жүйесін енгізу туралы айтты

Алматы полиция Департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізуге дайындық жұмыстарын бастады.
Бүгінгі таңда, қалалық бейнебақылау жүйесін нақты уақыт режимінде басқаруға, болып жатқан оқиғаларға жедел ден қоюға, сондай-ақ заманауи алгоритмдер мен нейрондық желілерді қолдану арқылы адамды тану функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық бейнебақылау платформасы құрылды.
Жүйе полиция Департаменті жедел басқару Орталығының оқиға картасымен біріктірілген, рұқсатсыз кіруден қорғалған және ақпараттық қауіпсіздіктің жоғары талаптарына жауап береді.
Қызметтік аналитиканы пайдалану - жасанды интеллект арқылы қауіпсіздіктің жаңа стандарты және ұлттық бейнебақылау жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Камера аралық бақылау функциясы іздеуде жүрген адамдардың ғана емес, көліктердің де қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, жүйе көлік қозғалысын бақылайды, «тасталған» нысандарды іздейді, автотұрақ ережелерін бұзуды және қорғалатын аумаққа кіруді тіркейді.
Айрықша ерекшелігі - ең қиын жағдайларда жеке адамдарды анықтау. Адамның негізгі белгілерін (жынысы, жасы), сондай-ақ әртүрлі аксессуарлардың (көзілдірік, сақал, маска) болуын анықтау арқылы, деректер іздеудегі адамдардың тізімдерімен салыстырылады, бұл іздеу әрекеттерін жылдам ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мысалы, 2024 жылдың наурыз айында адамды тану жүйесі ұрлық жасағаны үшін күдікті болған А.есімді азаматты тіркеген, ол қаланың орталық аудандарының бірінде жасырынбақ болған.
Жүйенің жедел жұмысы мен мобильді патрульдердің арқасында күдікті оқиға болған сәттен бастап 15 минут ішінде ұсталды.
2023 жылы күзет және өрт дабылдарын жаңғырту жобасы аясында қалалық білім беру нысандарында 21 мыңнан астам бейнекамера ауыстырылды, дүрбелең түймелері мен турникет орнатылды.
Бұл құрылғылардың барлығы Бірыңғай бейнебақылау жүйесімен біріктірілген. Бұл біздің балаларымыздың білім беру ұйымдарында болған кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылы адам көп жиналатын орындарда орнатылған бет-әлпетті тану жүйесінің көмегімен 9 қылмыскер анықталды және ұсталды: 7-і тонау және бөтеннің мүлкін ұрлау, 1-і көлік ұрлау, 1-і алаяқтық әрекеттерді жасағаны үшін.
Алматы полиция Департаментінің 160-қа жуық қызметкері осы жүйемен тікелей жұмыс орындарында жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, жедел уәкілдер, учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік жасақтар мобильді планшеттердегі бейнекамераларды онлайн қарауға және талдауға қол жеткізе алады.
Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласын дамыту Орталығының түрлі қызметтеріне, қалалық прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне платформаны пайдалануға қолжетімділік қамтамасыз етілді, бұл әртүрлі оқиғаларға тиімді жауап беруге мүмкіндік берді.
Бұл жоба инновациялық технологиялардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі көзқарасты өзгерте алатынын, қалаларды қауіпсіз әрі өмір сүруге ыңғайлы ететінін дәлелдеді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін ЕСВМ жүйесіне 10 мыңға жуық қалалық бейнекамера қосу жоспарлануда, бұл шамамен 50 мың бейнекамераны құрайды, олар ПД ЖБО және аудандық полиция Басқармаларының кезекшілік бөлімдеріне шығарылады.
6 мың бейнекамераға бейне талдау функцияларын іске қосу жоспарлануда.

01 июля 2024
Жергілікті полиция қызметі жүйесінде учаскелік полиция инспекторлары полицияның ең көп функциялы қызметін көрсетеді.

Олар құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда, елді мекендерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты тұлға болып табылады.
Учаскелік инспекторлардың қызметі халықпен тікелей байланыста жүргізіледі.
Азаматтардың полицияға сенім деңгейі олардың жұмысының сапасы мен тиімділігіне тікелей байланысты болғанымен, олар өз мәселелерін шеше отырып, ішкі істер органдары туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді.

Жергілікті полиция қызметі
01 июля 2024
Алматы полициясы травматикалық қаруы бар мопедистті ұстады

Алматыда «Буран-128» патрульдік полициясының экипажы кең ауқымды рейд барысында Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында мопед жүргізушісін ұстады.
«Ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, инспекторлардың назарын аударды. Одан әрі атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі анықталды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, мәселе атуға жарамды «ОСА» травматикалық тапаншасы туралы болып отыр. Бостандық аудандық полиция Басқармасы заңсыз қару сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 33 жастағы мопед жүргізушісінің қару ұстауының шынайы себебі тергеу барысында анықталатын болады», - деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің командирі, полиция майоры Михаил Кан.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

01 июля 2024
Алматы полициясы мопед жүргізушілерінің бағынбағаны туралы бейнежазбаны жариялады

Жаздың келуімен еліміздің ең ірі шаһарының жолдарында микромобиль көлігін пайдаланушылар саны артты.
Мопедтер мен самокаттардың кейбір жүргізушілері жол қозғалысының қарапайым ережелерін білмей, қажетті қарапайым білімі мен жүргізу дағдыларын білмей, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығып кетті, айтпақшы, бұл жол-көлік оқиғасы деңгейіне кері әсерін тигізді.
«Жыл басынан бері Алматыда мопедтер мен самокаттардың қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты. 68 жағдайда екі доңғалақты көлікті балалар жүргізген. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында Алматы полициясының алдыңғы шептегі бөлімшелерінің қызметкерлері, ең алдымен, мопедтер мен самокаттардың жұмысына қатысты заң талаптарын түсіндіруге бағытталған ауқымды іс-шара өткізуде», - деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің командирінің міндетін атқарушы, полиция майоры Михаил Кан.
Спикердің айтуынша, осы кезеңде түрлі құқық бұзушылықтар үшін 10 мыңнан астам мопед жүргізушілері мен 7 мыңнан астам самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 384 мопед қойылды.
«Сонымен қатар, барлық жерде мотокөлік пен самокат пайдаланушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – мопедтер мен самокаттардың жүруіне тыйым салу емес, олардың жеке жауапкершілігін еске түсіру, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру және көлік жүргізу мәдениетіне үйрету», – деді, майор Кан.

Көші-қон қызметі
01 июля 2024
Алматы полициясы: Қазақстаннан 20 заңсыз келімсек шығарылды

Алматының көші-қон қызметі, жақында Алматыдағы тұрғын аудандардың бірінде жүргізілген рейд қорытындысы бойынша осындай мәліметтерді келтіреді.
Мұнда бөлімшенің мәліметінше, өндіріс орындарының бірінде көрші мемлекеттің 41 азаматы анықталды.
«Олар рұқсат беру құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Олардың 20-сы соттың ұйғарымымен Қазақстан Республикасынан шығарылса, екеуіне әкімшілік айыппұл салынды, тағы 19 құқық бұзушы жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-таратуға орнатылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге шара қолдану жұмыстары жүргізілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы