Отработку полицейские провели в минувшие выходные в центральной части мегаполиса.
«В минувшие выходные проверены бары, кафе, клубы на предмет употребления в них кальяна, а также продуктовые магазины, где реализовывают алкогольную продукцию после 21 часа. В результате 37 человек привлечены к ответственности по ст.441 КРКобАП “Нарушение запрета потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, табака для кальяна, кальянной смеси, систем для нагрева табака, электронных систем потребления и жидкостей для них”. Вместе с тем, администрация 9 небольших магазинов оштрафована за продажу спиртных напитков в ночное время суток. При разработке плана рейдовых мероприятий мы приняли во внимание сигналы горожан и провели анализ совершения на указанных участках каких-либо правонарушений. Локальные отработки будут проводиться на постоянной основе, особенно в выходные и праздничные дни», - информировал начальник Управления полиции Медеуского района Ильяс Омирсериков.
Спикер также отметил, что локальная отработка проводится в мегаполисе повсеместно.
По городу в целом выявлено свыше 120 фактов курения кальяна в общественных местах.Полицейлер өткен демалыс күндері шаһардың орталық бөлігінде іс-шара өткізді.
«Өткен демалыс күндері барлар, кафелер, клубтар кальянның қолданылуына, сондай-ақ кешкі сағат 21.00-ден кейін алкогольдік өнімдер сататын азық-түлік дүкендеріне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 37 адам ҚР ӘҚбК-нің 441-бабы «Темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылған темекі, кальян, кальян қоспасы бар өнімдерді, темекіні жылыту жүйелерін, электронды түтіктерді тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу» бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 9 шағын дүкен әкімшілігіне түнгі уақытта алкогольдік ішімдіктерді сатқаны үшін айыппұл салынды. Рейдтік іс-шаралар жоспарын жасау кезінде қала тұрғындарының дабылдары ескеріліп, көрсетілген аумақтар бойынша қандай да бір құқық бұзушылықтардың жасалуына талдау жүргізілді. Жергілікті іс-шаралар, әсіресе демалыс және мереке күндері тұрақты түрде өткізілетін болады», - дейді, Медеу аудандық полиция Басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.
Сондай-ақ, спикер, қаланың барлық жерінде жергілікті іс-шара жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Жалпы қала бойынша қоғамдық орындарда кальян шегудің 120-дан астам дерегі анықталды.
Алматы полиция Департаменті қала Әкімдігімен, шерингтік компаниялармен және мотоцикл мектебімен бірлесіп Абай алаңында «ЕРКІН ҚОЗҒАЛЫС» науқанын өткізді.
Шара жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
«Науқанның мақсаты – пайдаланушыларды электросамокаттарды, мотоциклдерді және мопедтерді дұрыс және қауіпсіз жүргізуге үйрету, сондай-ақ оларды пайдалану ережелерін түсіндіру. Іс-шараға белгілі әртістер мен эстрада жұлдыздары тартылды, олар өздерінің шығармашылықтары арқылы жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырды, өйткені бұл - олардың қауіпсіздігінің кепілі», - деді, Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция Басқармасының басшысы полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара бағдарламасында қызықты сұрақ-жауаптар, ойындар мен флешмоб бар.
Спорттық шараны Алматы қаласының Әкімдігі Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге орай ұйымдастырды.
«Спартакиада мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылды. Жарыстар спорттың жеті түрінен – шағын футбол, үстел теннисі, гір көтеру, армрестлинг, шахмат, волейбол және жеңіл атлетика бойынша өтті. Спорт мерекесіне барлығы 20 ұлттық құраманың құрамында 400 адам қатысты. Полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жеңіске жетті. Ал бұл жалпы күнделікті жұмысымызда жедел-қызметтік тапсырмаларды ойдағыдай орындауға септігін тигізетін ұжымдық жұмыстың, табандылықтың, төзімділіктің және жақсы дайындықтың арқасы», - деді, Алматы қалалық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы Басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Әбсадық.
Әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Алматы қаласы полиция Департаментінің командасы, екінші орынды Алматы қаласы бойынша ТЖД командасы, үшінші жүлделі орынды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің қызметкерлері иеленді.
Соңғы жылдары самокаттар қала өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Олар ыңғайлы және экологиялық таза тасымалдау әдісін ұсынады, қоғамдық көлікті жеңілдетуге және жол жүру уақытын қысқартуға көмектеседі.
Дегенмен, оларға деген сұраныстың артуына байланысты жалпы назар аударуды талап ететін жаңа міндеттер пайда болды.
«Біріншіден, қауіпсіздік мәселесі. Самокаттарды пайдаланумен байланысты жазатайым оқиғалар мен жарақаттар көбейді. Тәуекелдерді азайту үшін жол қозғалысы ережелерін сақтау, қауіпсіздік дулығаларын пайдалану және жылдамдықты төмендету керек. Сондай-ақ, самокаттардың бір адамға арналғанын және жолаушыларды тасымалдау қауіпті жағдайларға әкелетінін есте ұстаған жөн. Екіншіден, тұрақ мәселесі. Дұрыс емес жерге тұрақталған самокаттар жаяу жүргіншілер мен көліктерге қолайсыздық туғызады. Қазіргі уақытта қаламыздың көшелері мен тротуарларында тәртіпті қамтамасыз ету үшін самокаттарға арналған арнайы тұрақ аймақтарын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Үшіншіден, экология мәселесі. Самокаттар - экологиялық таза көлік түрі болып табылады, бірақ олардың өмірлік циклін ескеру маңызды. Өндірушілер мен пайдаланушыларды самокаттарды қайта өңдеу мәселесіне жауапкершілікпен қарап, қайта өңделетін материалдарды пайдалануға шақырамыз», - деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Спикердің айтуынша, реттеу мәселесі маңызды.
«Қалада самокаттарды пайдаланудың тиімді және әділ ережелерін әзірлеу үшін біз самокат қызметтерінің өкілдерімен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұған самокаттардың жағдайын бақылау, міндетті тіркеу мен сақтандыруды енгізу кіреді. Біз ортақ күш-жігердің көмегімен самокаттарды қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық таза ете алатынымызға сенеміз», - деді, подполковник Шәріпов.
Бұрын хабарланғандай, Алматының Бостандық ауданында 32 жастағы ер адамның бұзақылық әрекеті орын алған.
«Естеріңізге сала кетейік, ол аялдамалардың бірінің терезесін көрнекі түрде сындырған. Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Ол ұсталып, ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Сонымен қатар, Алматы қаласының полициясы азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға және қылмысқа мүлдем төзбеушілік танытуға шақырады.
Қоғамға жат мінез-құлық, бұзақылық және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірудің әрбір дерегі принципті әрекет пен құқықтық бағамен жалғасатын болады.
30 полиция қызметкеріне бірінші офицер шендері табыс етілді.
Салтанатты шара полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров басқаратын полиция Департаментінде өтті.
«Сіздерді алғашқы офицерлік шендеріңізді алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер Алматы полициясының қатарына қосылып, еліміздің ең ірі шаһарындағы тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігіне жауаптылардың бірі болдыңыздар. Қымбатты әріптестер! Әрқашан Анттарыңызға адал болыңыздар! Жалпы Алматы полициясының жұмысы әрқайсыңыздың іс-әрекеттеріңізбен бағаланады. Сондықтан әділ, адамгершілікті, жауапты, адал тәртіп сақшылары болыңыздар», - деді, Арыстанғани Заппаров.
Бұрын бірнеше рет хабарлағанымыздай, Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы деректерді анықтау және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізілуде.
Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, оған қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді.
«Мәселен, өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды, оның басым бөлігін электросамокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар жасаған.
Жалпы, самокаттар мен мопедтерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты жергілікті іс-шара басталғаннан бері (01.06. бастап) 4 мың 800 мопед жүргізушісі және 5 мың 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың екі доңғалақты көлікті пайдалануына ерекше назар аударылады.
100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды, бұл жалпы заң мен қауіпсіздік стандарттарына қайшы келеді», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Спикердің айтуынша, кең ауқымды рейдтер нәтижесінде 1 мыңнан аса мопед, сондай-ақ 3 мың 625 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.
«Ішкі істер Министрлігі қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды.
Алайда қайғылы оқиғалар жалғасуда.
Статистика негізді алаңдаушылықты тудырады. Самокат пайдаланушылары - жол қозғалысына қатысушылардың осал санаттарының бірі болып табылады.
Жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты.
68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген», - деді, полковник Шумаев.
«102» пультіне Рысқұлов даңғылы бойындағы хостелдердің бірінде, 4-қабаттың терезесінде ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болып отырғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнына «Буран-175» және «Буран-170» патрульдік экипажы келді. ППП қызметкерлері мән-жайды зерделеп, терезедегі ер адаммен әңгіме-дүкен құрып, оны алаңдата бастады. Осы уақытта инспекторлардың бірі қолайлы сәтті күтіп, ер адамды мойнынан ұстап, бірлесе отырып бөлмеге сүйреп кіргізді. Күдіктінің мас болғаны белгілі болды. Ол отбасылық мәселелеріне байланысты шарасыз әрекетке баруды ұйғарғанын айтты», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Дәрігерлер зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Кейін мән-жайдың анық-қанығына жету үшін Жетісу аудандық полиция Басқармасына жеткізілді.
Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің объективті себептері анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының кезекті кезеңі өтіп жатыр.
«Кең ауқымды іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың салдарының ауырлығын азайтуға, Жол қозғалысы Ережелерін бұзу деректерінің жолын кесуге және анықтауға бағытталған. Профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, жол қозғалысына қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарудың 8 дерегі, жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың көлік құралын басқаруы 16 дерегі, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығудың 9 дерегі, автокөлікті қайта жабдықтаудың 7 дерегі, көлік құралы терезелерін қараңғылаудың 38 дерегі және т.б.
Сондай-ақ, самокат тізгіндеген 303 адам және мопед басқарған 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілетін күндері патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет атқарады.
«Бірінші кезектегі міндет – жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, өрескел бұзушылықтар – мас күйінде көлік жүргізу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу, апаттық жағдайдағы көліктерді анықтау және жолын кесу», - деді, полковник Шумаев.
Алматы полиция Департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізуге дайындық жұмыстарын бастады.
Бүгінгі таңда, қалалық бейнебақылау жүйесін нақты уақыт режимінде басқаруға, болып жатқан оқиғаларға жедел ден қоюға, сондай-ақ заманауи алгоритмдер мен нейрондық желілерді қолдану арқылы адамды тану функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық бейнебақылау платформасы құрылды.
Жүйе полиция Департаменті жедел басқару Орталығының оқиға картасымен біріктірілген, рұқсатсыз кіруден қорғалған және ақпараттық қауіпсіздіктің жоғары талаптарына жауап береді.
Қызметтік аналитиканы пайдалану - жасанды интеллект арқылы қауіпсіздіктің жаңа стандарты және ұлттық бейнебақылау жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Камера аралық бақылау функциясы іздеуде жүрген адамдардың ғана емес, көліктердің де қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, жүйе көлік қозғалысын бақылайды, «тасталған» нысандарды іздейді, автотұрақ ережелерін бұзуды және қорғалатын аумаққа кіруді тіркейді.
Айрықша ерекшелігі - ең қиын жағдайларда жеке адамдарды анықтау. Адамның негізгі белгілерін (жынысы, жасы), сондай-ақ әртүрлі аксессуарлардың (көзілдірік, сақал, маска) болуын анықтау арқылы, деректер іздеудегі адамдардың тізімдерімен салыстырылады, бұл іздеу әрекеттерін жылдам ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мысалы, 2024 жылдың наурыз айында адамды тану жүйесі ұрлық жасағаны үшін күдікті болған А.есімді азаматты тіркеген, ол қаланың орталық аудандарының бірінде жасырынбақ болған.
Жүйенің жедел жұмысы мен мобильді патрульдердің арқасында күдікті оқиға болған сәттен бастап 15 минут ішінде ұсталды.
2023 жылы күзет және өрт дабылдарын жаңғырту жобасы аясында қалалық білім беру нысандарында 21 мыңнан астам бейнекамера ауыстырылды, дүрбелең түймелері мен турникет орнатылды.
Бұл құрылғылардың барлығы Бірыңғай бейнебақылау жүйесімен біріктірілген. Бұл біздің балаларымыздың білім беру ұйымдарында болған кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылы адам көп жиналатын орындарда орнатылған бет-әлпетті тану жүйесінің көмегімен 9 қылмыскер анықталды және ұсталды: 7-і тонау және бөтеннің мүлкін ұрлау, 1-і көлік ұрлау, 1-і алаяқтық әрекеттерді жасағаны үшін.
Алматы полиция Департаментінің 160-қа жуық қызметкері осы жүйемен тікелей жұмыс орындарында жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, жедел уәкілдер, учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік жасақтар мобильді планшеттердегі бейнекамераларды онлайн қарауға және талдауға қол жеткізе алады.
Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласын дамыту Орталығының түрлі қызметтеріне, қалалық прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне платформаны пайдалануға қолжетімділік қамтамасыз етілді, бұл әртүрлі оқиғаларға тиімді жауап беруге мүмкіндік берді.
Бұл жоба инновациялық технологиялардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі көзқарасты өзгерте алатынын, қалаларды қауіпсіз әрі өмір сүруге ыңғайлы ететінін дәлелдеді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін ЕСВМ жүйесіне 10 мыңға жуық қалалық бейнекамера қосу жоспарлануда, бұл шамамен 50 мың бейнекамераны құрайды, олар ПД ЖБО және аудандық полиция Басқармаларының кезекшілік бөлімдеріне шығарылады.
6 мың бейнекамераға бейне талдау функцияларын іске қосу жоспарлануда.