Сообщение об угоне автомашины «Тойота Камри» поступило на пульт «102»: по городу был введен план «Перехват».
«Установлено, что хозяин авто вышел в магазин, а ключи оставил в замке зажигания. Этим и воспользовался злоумышленник. Патрульный экипаж «Буран-315» заметили искомое авто на пересечении проспекта Суюнбая и улицы Баянуальская. Угонщик было блокирован и задержан. Мотив и другие обстоятельства преступления устанавливаются», - рассказал начальник Управления полиции Турксибского района Еркин Амантаев.
В соответствии со ст.201 УПК РК иная информация в интересах следствия распространению не подлежит.
В соответствии с подпунктом 1 пункта 3 статьи 77 Конституции РК и частью 1 статьи 19 УПК РК, каждый считается невиновным пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Алматының Медеу ауданының полицейлері Франция азаматтарына жоғалған планшеттерін табуға көмектесті.
Шетелдік қонақтар гаджетті таксиде қалдырып кеткендігі белгілі болды.
«Полиция қызметкерлері біздің көмек сұрағанымызға бірден жауап берді. Олар біздің затты бірнеше сағат ішінде тапты. Біз Алматыға қонаққа келдік. Қаланы таксимен араладық. Бір кезде мен платшетімнің жоқ екенін байқадым. Бейнебақылау камераларынан көліктің маркасы мен нөмірін анықтаған полицейлер, жүргізушінің кім екенін анықтап, онымен хабарласып, гаджетті қайтаруды талап етті. Полиция қызметкерлерінің кәсіби және адами қасиеттерін атап өткім келеді. Планшетті қайтаруға көмектескендері үшін көп рахмет. Бізде Қазақстан жайында, әсіресе Алматыға қатысты жақсы әрі жарқын эмоциялар қалды», - деді, шетелдік қонақтар.
«Білім кабинетінің» ашылу салтанатына Алматы қаласы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаров пен ҚР ІІМ Тәрбие және кадр саясаты Департаментінің орынбасары Олжас Мырзабеков қатысты.
Еліміздегі ең ірі шаһардың тәртіп сақшылары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин және т.б. шығармалары бар, көркем әдебиет, классикалық, деректі және арнайы әдебиеттердің бай мұрағаты бар кітапхана қорына қол жеткізді.
Сонымен қатар, кітапханада қазақ әдебиетінің детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаевтың шығармалары жинақталған.
«Мойындау керек, қарбалас жұмыс кестесінде полиция қызметкерлері сүйікті кітаптарын, жаңа, өзекті шығармаларын оқуға әрдайым уақыт пен мүмкіндік таба бермейді. «Білім кабинеті» – көп функционалды ақпараттық, мәдени-танымдық оқу залы, сондай-ақ, онда стандартты бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған интерактивті тақта бар. «Білім кабинеті» біздің қызметкерлерге электронды түрде әдебиеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кітаптың электронды нұсқасы тәжірибеде қолдану үшін ең қолжетімді және ыңғайлы болып табылады. Енді кез келген алматылық полиция қызметкері құпия сөз алғаннан кейін цифрлық кітапхана қорын пайдалана алады. Мақсат – жеке құрамның рухани дамуы», – деді, Арыстанғани Заппаров.
Құқық бұзушылар бұл тыйым салынған өнімдерді онлайн платформаларда сатқан.
«Қылмыстық тізбек келесідей болды: мессенджерлер арқылы күдіктілер тауардың саны мен жеткізілетін мекенжайы көрсетілген онлайн тапсырыстар алып отырған. Сатып алушыға жеткізу курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылды. Өткізілген іс-шаралар көрсеткендей, вейп жіберу орындары көпқабатты үйлердің жертөлесінде, компьютерлік клубтардың ішінде, бір сөзбен айтқанда, құпиялылық шараларын сақтай отырып орналастырылған. Бір кездері жұмыс істеген ресми дүкендер жабылғандықтан, онлайн түрде тыйым салынған вейптерді сату деректері бар. Тек соңғы 24 сағаттың ішінде заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам вейп пен оның құрамдас бөліктері тәркіленді», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында 2024 жылғы 15 шілде мен 17 шілде аралығында қалада «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарлануда.
«Мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен қадағалаусыздықтың алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде болуын, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге қатыстыратын ересектерді анықтау. Іс-шараның нәтижелі өтуіне білім беру органдары, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, ата-аналар комитеттері мен қоғамдық көмекшілер жұмылдырылды», - деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.
Іс-шараның алғашқы күнінде полицияға әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 106 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілсе, оның 95-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін.
Балаларды қолдау орталығына 11 жасөспірім жіберілді.
Сонымен қатар, ІІО есепте тұрған 48 кәмелетке толмаған балалар және 37 қолайсыз отбасы тексерілді.
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге қатыспайтын 9 ата-ана анықталды.
Тағы 13 ата-ана бала тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматының Әуезов ауданында жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 21 жастағы ер адам ұсталды.
Күдіктіде өзімен бірге 30 электронды вейп болған, ол оны қашықтықтан сатқан.
Ер адамның тапсырысты интернет арқылы алғандығы белгілі болды.
Айтпақшы, ол контактісіз әдіспен қоспалар мен вейптерді жаппай сатып алған.
Тыйым салынған тауарлар тәркіленді.
Сатушының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қала Әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен «Қолжетімді полиция» қағидатын жүзеге асыру мақсатында Алматыда полицияның қызметтік моделін енгізу жалғасуда.
Бұған дейін хабарланғандай, қалада полиция мен қоғам арасындағы әріптестік қарым-қатынасты орнатуға бағытталған 8 заманауи және жайлы полицияның қызмет көрсету орталығы кезең-кезеңімен ашылуда.
Онда полиция қызметін сапалы көрсетуге жағдай жасалған.
«Бүгінде қалада жеті полицияның қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Олар азаматтардың көмекке жүгінген кездегі шиеленіс пен жайсыздық деңгейін төмендетуге, халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыруға, азаматтармен ашық серіктестік орнатуға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін арттыруға, азаматтардың сұраныстарына жедел ден қоюға, халыққа уақтылы кәсіби, білікті және консультативтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Полицияның қызмет көрсету орталықтарынан азаматтар барлығы 55 қызмет түрін тегін ала алады. Мамандар көші-қон және әкімшілік заңнама мәселелерін шешуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға, отбасында зардап шеккен әйелдердің құқықтарын қорғауға көмектеседі. Біз үшін азаматтардың тыныш ортада құқық қорғау қызметтері мен қажетті заң көмегін алуы үшін қолайлы жағдай жасау маңызды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
Сонымен қатар, орталықтарда психологтар, медиаторлар, ішкі істер органдарына оқуға және қызметке қабылдау үшін кеңес беретін мамандар, қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат беретін қызметкерлер жұмыс істейді.
Олардың ішінде ресепшн, күту залы және балалар бұрышы бар.
Полицияның қызмет көрсету орталығына келушілер қызмет көрсету сапасын бес балдық жүйе бойынша бағалап, пікір қалдыруға мүмкіндіктері бар.
Орталықтардың жұмыс уақыты - 9:00-ден 20:00-ге дейін.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясының қызметкерлері қалалық Прокуратураның үйлестіруімен «Есірткі қылмысына қарсы күрес» жобасы аясында және ІІМ ДПН, ҚР АФМ қызметкерлерінің көмегімен өткен жылдың мамыр айында тұрақты есірткі желісі жойған болатын.
Сол кезде «марихуананы» жеткізу мен сатуды бес адам ұйымдастырған: бірге тұратын жұп, олардың досы, бетбелгі қоюшы және курьер.
Жедел-тергеу шаралары барысында анықталғандай, жас жұп қылмыстық процеске жетекшілік еткен.
Олар ұйымдастырушы және үйлестіруші рөлдерін атқарды.
Бетбелгі қоюшылардың міндеттері екі дос арасында бөлінген.
Ал курьер болып топ мүшелерінің біреуі жүрді.
«Мессенджер арқылы есірткіні контактісіз әдіспен сата бастаған есірткі саудагерлерінің қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Қаскөйлердің Испания мен АҚШ-тан пошта арқылы есірткі сәлемдемелерін алғаны анықталды. Шөп үшін төлем тұтынушылардан электронды төлем жүйесі арқылы алынды. Қаражатты алу екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылды. Сол кезде күдіктілердің қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталып, күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінтулер жүргізілді», - деп, еске алды Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушы есірткі құралдарын заңсыз өндіру, сақтау, өткізу, ұйымдасқан топ құру және оған жетекшілік ету, үгіт-насихат жасағаны және есірткі заттарын заңсыз жарнамалағаны үшін кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық топтың қалған мүшелері, оның ішінде 35 жастағы әйел, әрқайсысы 15,6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы қаласы ПД-нің басшылығына ЖШС бірінің өкілінен алғыс хат келіп түсті.
Хат авторы кабельдің зақымдалуына байланысты жанжалды шешуге көмектескен Наурызбай аудандық ПБ-ның учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Хамит Үсенбаевқа алғысын білдіреді.
«Полиция қызметкері жағдайды шешуге саналы түрде қарады және оны барлық құқықтық нормаларды сақтай отырып, бейбіт жолмен шешуге тырысты. Инспектордың жұмысқа деген көзқарасы мен оқиғаның соңы екі жаққа да ұнады. Біз оның азаматтарға ілтипатпен қарайтынын және өз міндеттерін адал атқаратынын атап өттік. Біздің қауіпсіздігіміз бен тыныштығымыз үшін рахмет. Алғыс сөздер – азаматтардың қауіпсіздігін күндіз-түні қорғайтын, қашанда қолжетімді болып, кез келген жағдайда көмекке келушілер үшін маңызды ынталандыру», – деді, хаттың авторы.