ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
20 февраля 2025
Алматыда түнгі рейд жүргізілді: үш қылмыстық іс қозғалды

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, өткен демалыс күндері қалада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау бойынша ауқымды іс-шара жүргізілді.
Алдыңғы шептегі бөлімшелер көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізушіні ұстады.
Сот оларға қатысты кемінде 15 тәулікке қамауға алу және кемінде 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік шара қолданды.
"Тәжірибе көрсеткендей, есірткілік және алкогольдік мас күйінде рөлге отыратын жүргізушілер әлі де кездеседі. Ситуациялық жағдайда бұл әдетте былай болады: бір топ адам алкогольдік ішімдік ішеді, содан кейін жүргізуші көлікпен үйге баруды ұйғарады. Ол өзінің қылмыстық менмендігімен "А" нүктесінен "В" нүктесіне аман-есен жетемін деп ойлайды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл жүргізушінің кесірінен ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын ЖКО жиі кездеседі. Мас жүргізушілерді тоқтатқанда, әдетте, олардың кейбірі дәрі ішкендерін, кішкене ғана жол жүргендерін айтып, ақталғылары келіп, жауапкершіліктен құтылғысы келеді. Бірақ бұл жерде ешқандай сылтау орынсыз, әркім, егерде мас қылатын нәрсе қолданатын болса, онда рульді ұмыту керек екенін, көлік жүргізбеуі керектігін түсінуі керек. Қайтымсыз салдарлар болуы мүмкін. Шындық: мас жүргізуші - қылмыскер», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының басшысы Серік Шумаев.
Анықтама үшін: демалыс күндері Алматыда алдыңғы шептегі бөлімшелер 112 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 17 көлік құралын мас күйінде басқару, 1 КҚ жүргізу құқығы жоқ адамның көлікті жүргізуі, 16 қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, 20 маневр жасау ережесін бұзу, 10 апаттық жағдай туындату, 20 КҚ тұраққа қою ережесін бұзу, 2 көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару және т.б.

Криминалдық полиция
20 февраля 2025
Алматыда «пәтер ұрылары» тобы әшкереленді

Олар қаланың Медеу ауданында ұсталды.
Осыдан біраз уақыт бұрын олар Қажымұқан көшесіндегі үйлердің бірінің иелерінің мүлкін ұрлап кеткен.
«Қаскөйлер бөтен біреудің үйіне терезе арқылы кірді. Ол жерден олар алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар - алты адам, Абай және Алматы облыстарының тұрғындары. Қазіргі уақытта бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
20 февраля 2025
Алматыда есірткіге қарсы ауқымды науқан өтті

Алматы полициясының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және қалалық спорт нысандары дирекциясының басшылығымен бірлесіп, «Медеу» БТСК «Болашақты қорғаймыз: есірткіге бірге қарсымыз!» атты ауқымды науқан өткізді.
Оған 2 мыңнан астам жастар қатысты.
«Мемлекет басшысы мен Үкімет нашақорлыққа қарсы нақты және дәйекті стратегияны жүзеге асыруда, оның аясында нашақорлықтың алдын алуға, ескертуге және жолын кесуге бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Біздің ортақ мақсатымыз – есірткісіз болашақ құру, сондықтан біз осындамыз. Бүгінгі күні біз есірткіге қарсы күрес жүргізетін тек мемлекеттік органдар ғана емес, қоғамдық қозғалыстар мен азаматтық қоғамдастықтың тақырыптық шараларға қатысуы және қолдауы біздің бірлескен күресіміз екенін көріп отырмыз. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес және бірлескен күш-жігер арқылы жастарымызды осы өлімге әкелетін есірткіден сақтандырып, қорғай алатынымызға сенімдімін», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Профилактикалық іс-шараға қатысушылар арасында анонимді ЕҚқКБ сенім телефондары және есірткі сигналдарына жедел әрекет ету үшін QR кодтары бар ақпараттық буклеттер таратылды.

20 февраля 2025
Алматыдағы сауда үйлерінде алаяқтар туралы ескертеді

Алматының Бостандық ауданында орналасқан екі ірі сауда орталығының әкімшілігі алдын алу жұмыстарына бірінші болып қосылды.
Олармен жұмыс кездесуі өтіп, тиісті меморандумға қол қойылды.
«Өкінішке қарай, қылмыс бір орында тұрмайды: күн сайын жаңа формалар мен әдістерге ие болады. Ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық көбейді. Мұны, ең алдымен, азаматтардың тіпті мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінде де байланысты шектеп тастауымен байланыстырамыз. Оны онлайн жасау ыңғайлырақ. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, бұл қауіпсіз емес. Өкінішке қарай, адамдардың көбі өздерінің жеке деректерінің ақпараттық қауіпсіздігі туралы білмейді және нәтижесінде олар оны сақтамайды. Құқық қорғау органдары зияткерлік меншік құқығының бұзылуына байланысты қылмыстардың алдын алу және күресті күшейту бағытында жұмыс жүргізуде», - деді, Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
Сауда орталықтарында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша постерлер ілініп, электронды билбордтарда интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері туралы ескертетін бейнеөнімдер көрсетілуде.
«Хабардарсың демек қарулысың. Бұл нұсқаулықтарда алаяқтардың ең танымал қылмыстық тізбектері егжей-тегжейлі сипатталған және оңай ақшаны ұнататындардың жеміне түсіп қалмау туралы кеңестер берілген. Мақсат – қоғамды қылмыскерлерден қорғап, қылмыстық әрекеттің бұл түріне жол бермеу», – деді, М.Сейсенұлы.

19 февраля 2025
Алматыда жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық қылмысы әшкере болды

Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.
«Ол Интернетте, атап айтқанда танымал хабарландырулар ресурсында жұмыс істеді. Онда бойжеткен Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінен пәтерді өте тиімді шарттармен жалға беру туралы хабарландыру жариялады. Үйге көшкісі келетіндер көп болды. Кем дегенде бес адам үй иесінің шарттарын бірден орындап, оған ай сайынғы пәтер ақысын толық аударып жіберген. Оның үстіне, алданғандардың ешқайсысы пәтерді өз көзімен көрмеген, «пәтер иесінің» сөзіне сеніп қалған. Бұл азаматтардың ең үлкен қателігі. Өзіңіз көз жеткізбеген нәрсеге ешқашан ақша төлемеу керек», - деді, Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
Спикердің айтуынша, күдікті ұсталды және қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

19 февраля 2025
Алматы полициясы мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берді

Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған іс-шаралардың келесі кезеңі бұл жолы Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №6 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өтті.
«Біздің бөлімше қызметкерлері оқытушылармен бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ олардың салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттыру әдістерін талқылап, әзірледі. Талқыланған мәселелер, жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттердің зияны, компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілердің оқу үлгеріміне әсері болды. Сондай-ақ іс-шара барысында балалар арасында қоғамдық орындарда, демалыс орындарында өзін-өзі ұстау ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарына және ата-аналардың балаларын қадағалау жауапкершілігін арттыруға баса назар аударылды. Айтпақшы, өткен жылы қаладағы білім беру ұйымдарында оқушылар мен олардың ата-аналарына 250-ден астам тақырыптық дәрістер мен әңгімелер ұйымдастырылды», - деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
12 февраля 2025
Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды

Алматыда арнайы іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері ҰҚКД жергілікті қызметкерлерінің көмегімен синтетикалық психотроптық заттарды бірнеше рет сатты деген күдікпен 30 жастағы әйелді ұстады.
Күдіктіні жеке тінту барысында құрамында ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ зат салынған 44 байлам табылды және тәркіленді. Ал ұсталған азаматшаның көлігінен есірткіні орау және бөлшек саудада сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар кокаин және мефедрон болып шықты. Жалпы салмағы шамамен 400 грамм. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медеу аудандық полиция Басқармасы есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Әкімшілік полиция
12 февраля 2025
Полиция қызметкерлері алматылық жастарды заң мен тәртіпті сақтауға шақырды

Қаланың әкімшілік полиция қызметкерлері Еуразиялық технологиялық университетінің заң факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Білім беру бағдарламасының тақырыбы: «Қоғамдық тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығы».
«Қылмыстың алдын алудың тиімді шараларының бірі – азаматтардың, оның ішінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Жастардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің басталу шарттары туралы хабардар болуы және жалпы заңдылық пен құқық тәртібі үшін жеке жауапкершілігін сезінуі өте маңызды. Қатысушылардың арасында - халық пен Отан игілігі үшін полицияда қызмет етуді армандайтын болашақ әріптестеріміз де бар. Оларға ІІО қызметке кіру шарттары туралы бейнеөнім көрсетілді», - деді, Алматы қаласы ПД ӘПБ Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынға 100-ден астам адам қатысты.
Жиын соңында жиналғандар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
«Өздеріңіз білетіндей, студенттердің көпшілігі мопедті қолданады. Олар сабақтан бос уақытында жеткізу қызметтерінде жұмыс істейді. Айтпақшы, бұл мопедтерді тіркеу бойынша қазірдің өзінде басталған науқанның шарттарын түсіндіруге арналған әлеуетті аудитория. Жастарға көлікті тіркеу және А1 жүргізуші санатын алу алгоритмі түсіндірілді», - деді, Айдын Меркімбаев.

12 февраля 2025
Заң мен тәртіп: Алматы полициясы қылмыс жиі жасалатын ойын-сауық орындарын анықтады

Ішкі істер министрі жариялаған профилактика жылы аясында Алматы қаласының Әуезов ауданында ойын-сауық мекемелерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Аудандық полиция Басқармасының ұйытқы болуымен өткен жұмыс жиынына жергілікті ТЖД, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, дәмхана, бар, мейрамхана, клуб басшылары да қатысты.
«Ауданымызда 65 ойын-сауық нысаны жұмыс істейді, оның 16-да бұзақылық пен төбелес жиі орын алады. Өткен жылы онда 61 қылмыс тіркелген. Көптеген мекемелер тәжірибесі және тиісті лицензиясы жоқ мамандандырылған емес «күзет» ұйымдарының қызметіне жүгінеді. Секьюрити келушілерді есіктен шығарып жібермей, орын алған жанжалды тоқтатып, тиісті түрде әрекет етуі маңызды», - дейді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ойын-сауық мекемелеріне мониторингті кеңірек көзқараспен жалғастыру, атап айтқанда, қылмыстың алдын алу және есірткіні сату жолын тоқтатуға баса назар аудару туралы шешім қабылданды.
«Ойын-сауық мекемелерінің иелеріне келушілер арасындағы қақтығыс жағдайларының туындау қаупін азайту, нысандарда лицензиясы бар секьюритиді міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету, ойын-сауық мекемелері ішіндегі заңсыз әрекеттерді жедел анықтауға және оларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін ғимараттардың ішінде де, оған жақын аумақта да цифрлық бейнебақылау камераларын орнату және көбейту бойынша маңызды міндеттер жүктелді», - деді, Данияр Меңдебаев.

Жергілікті полиция қызметі
12 февраля 2025
Алматы полициясы: Әйелдерге қатысты қылмыс азайды

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық ахуалды жақсарту және қылмыстардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс», «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Бақытты отбасы» және т.б мақсатты профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
«Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды профилактикалық есепке алу және жеке профилактикалық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу негізгі профилактикалық шаралардың бірі болып табылады. Ағымдағы кезеңде 8 мың 081 адам профилактикалық есепке қойылып, оның 7 мың 335-іне қорғау нұсқамасы, тағы 726-сына құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойылды. 206 адам маскүнемдіктен және нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберілді», - дейді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.
Алматы полициясы зорлық-зомбылыққа ұшыраған 976 әйелге, сондай-ақ осы саладағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша жүгінгендерге жеке консультациялық көмек көрсетті.
«Сонымен қатар, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде. Жыл басынан бері ҮЕҰ-мен 185 кездесу өткізіліп, полиция мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылының оң тәжірибесі зерттелді, зорлық-зомбылық құрбандарына медициналық көмек көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жолдарына баға берілді», - деді, Айтан Елеусізов.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жұмыстар Алматы қаласының «Жан-Сая» ҚМУ мемлекеттік дағдарыс орталығымен, сондай-ақ «Родник», «Дом Мамы», «Тин-Челлендж» қоғамдық қорларымен тығыз байланыста жүргізілуде.
Жыл басынан бері дағдарыс орталықтарына 170 әйел орналастырылды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы