ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Криминалдық полиция
20 февраля 2025
Алматыда тәжірибелі «қалта ұрылары» ұсталды

Жедел уәкілдер қалта ұрыларын «қарбалас» уақытта ұстады.
Олардың әрқайсысы қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген.
Олардың олжасы басқа адамдардың ұялы телефондары болды.
«Күдіктілердің ең үлкені - 47 жаста, оның жас «әріптесі» - 26 жаста. Екеуі де тәжірибелі ұрылар, олар бұрын да өзгенің затына «қызыққаны» үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ұсталғандар қазір қамауда отыр. Олардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.
Сонымен қатар, полицейлер, азаматтарды мүліктік қауіпсіздік шараларын күшейту туралы тағы да еске салды.
Адамдар көп жиналатын жерлерде бағалы заттарды, соның ішінде гаджеттерді көзіңізден таса қылмаңыз.
Ұрлық болған жағдайда дереу полицияға хабарлаңыз.

Әкімшілік полиция
20 февраля 2025
Алматыда 500-ден астам мопед тіркелді

Алматының әкімшілік полициясының мәліметінше, мопедті тіркеу науқаны басталғалы бері 500-ден астам мопед қолданушы бұл процедурадан өткен: олар көлік құралының мемлекеттік нөмірін, техникалық төлқұжатын алды және жол қозғалысының басқа қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады.
«Сонымен қатар, мопед жүргізушілерінің А1 жүргізуші санаты болуы керек екенін еске саламыз. Ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркелгеннен кейін және тиісті жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасы Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.
Бұрын хабарланғандай, өткен жылы «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгертулер енгізілген болатын.
Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу.
Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және оларға барлық заң талаптары қолданылады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
20 февраля 2025
Алматыда есірткі сатушы ұсталды

Полиция қызметкерлері 22 жастағы жігітті Алматының Жетісу ауданында жеке секторда ұстады.
Жедел уәкілдердің айтуынша, ол есірткі бетбелгісін қойып, «жұмыс берушілеріне» фотоесеп жіберіп отырған.
Кері байланыстардың бірінде күдікті ұсталды.
«Жедел-тергеу тобы күдіктінің жеке басын тінту және оқиға болған жерді қарау барысында қызғылт түсті ұнтақ заты бар 9 қаптаманы тапты. Жас жігіт есірткіні үшінші адамдарға сату үшін бетбелгі қойғанын мойындады. Қаскөй ұсталды. Алматыға «синтетиканы» жеткізу арнасын және есірткі ісінің басқа да қатысушыларын анықтау бойынша бірқатар жедел іс-шаралар жүргізілуде. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының басшысы Мұрат Жұмабаев.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

20 февраля 2025
Алматы полициясы зейнеткерлерге қатысты алаяқтықтың көбейіп бара жатқанын ескертті

Қалалық полиция қарт адамдарға қатысты интернет-алаяқтық деректерінің көбейгенін хабарлады.
«Әдетте, оларға банк пен құқық қорғау органдарының жалған қызметкерлері қоңырау шалып, маңызды арнайы іс-шара туралы хабарлайды. Сонымен қатар, олар өздерінің барлық талаптарын сөзсіз орындауға және бұл туралы ешкімге айтпауға мәжбүрлейді. Соның салдарынан ата-әжелер жинақтарынан айырылып, кей жағдайда алаяқтардың «нұсқауларымен» рәсімделген несиелермен қалады. Әрбір азамат өзінің қарт туыстарын қорғап, оларға алаяқтардың айла-амалдары туралы үнемі айтып отыруы маңызды», - деді, Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес Басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.
Полиция алаяқтардың келесі айлаларына назар аударды:
- Құқық қорғау органынан, банктің қауіпсіздік қызметінен, ұялы байланыс операторлары немесе басқа да мемлекеттік органдардан қоңырау шалып, сізден СМС-кодтарды немесе басқа да ақпаратты айтуды сұраса, сөйлесуді дереу тоқтатып, қоңырау шалушының нөмірін бұғаттаңыз, содан кейін жақын жердегі құқық қорғау органына хабарлаңыз;
- Ешқашан жеке ақпаратыңызды немесе банктік шотыңыздың деректемелерін үшінші адамдарға айтпаңыз. Есіңізде болсын, банк және құқық қорғау органының қызметкерлері ешқашан телефон арқылы сізден ақпарат сұрамайды.
- Банк карталарыңызды басқа адамдарға пайдалануға бермеңіз және ЖК-ді жалға бермеңіз, себебі олар оны пайдакүнемдік мақсатта пайдалануы мүмкін және сіз сыбайлас ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін.
– Инвестициялық брокерлер сізге қоңырау шалып, криптовалютаға немесе қор нарығына тиімді инвестиция ұсынса, олардың көп жағдайда алаяқ болып шығатынын біліңіз.
Қырағы болыңыз, жинаған ақшаңызға сақ болыңыз және алаяқтардың айласына түсіп қалмаңыз!!!

Жергілікті полиция қызметі
20 февраля 2025
Алматыда түнгі рейд жүргізілді: үш қылмыстық іс қозғалды

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, өткен демалыс күндері қалада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау бойынша ауқымды іс-шара жүргізілді.
Алдыңғы шептегі бөлімшелер көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізушіні ұстады.
Сот оларға қатысты кемінде 15 тәулікке қамауға алу және кемінде 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік шара қолданды.
"Тәжірибе көрсеткендей, есірткілік және алкогольдік мас күйінде рөлге отыратын жүргізушілер әлі де кездеседі. Ситуациялық жағдайда бұл әдетте былай болады: бір топ адам алкогольдік ішімдік ішеді, содан кейін жүргізуші көлікпен үйге баруды ұйғарады. Ол өзінің қылмыстық менмендігімен "А" нүктесінен "В" нүктесіне аман-есен жетемін деп ойлайды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл жүргізушінің кесірінен ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын ЖКО жиі кездеседі. Мас жүргізушілерді тоқтатқанда, әдетте, олардың кейбірі дәрі ішкендерін, кішкене ғана жол жүргендерін айтып, ақталғылары келіп, жауапкершіліктен құтылғысы келеді. Бірақ бұл жерде ешқандай сылтау орынсыз, әркім, егерде мас қылатын нәрсе қолданатын болса, онда рульді ұмыту керек екенін, көлік жүргізбеуі керектігін түсінуі керек. Қайтымсыз салдарлар болуы мүмкін. Шындық: мас жүргізуші - қылмыскер», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының басшысы Серік Шумаев.
Анықтама үшін: демалыс күндері Алматыда алдыңғы шептегі бөлімшелер 112 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 17 көлік құралын мас күйінде басқару, 1 КҚ жүргізу құқығы жоқ адамның көлікті жүргізуі, 16 қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, 20 маневр жасау ережесін бұзу, 10 апаттық жағдай туындату, 20 КҚ тұраққа қою ережесін бұзу, 2 көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару және т.б.

Криминалдық полиция
20 февраля 2025
Алматыда «пәтер ұрылары» тобы әшкереленді

Олар қаланың Медеу ауданында ұсталды.
Осыдан біраз уақыт бұрын олар Қажымұқан көшесіндегі үйлердің бірінің иелерінің мүлкін ұрлап кеткен.
«Қаскөйлер бөтен біреудің үйіне терезе арқылы кірді. Ол жерден олар алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар - алты адам, Абай және Алматы облыстарының тұрғындары. Қазіргі уақытта бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
20 февраля 2025
Алматыда есірткіге қарсы ауқымды науқан өтті

Алматы полициясының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және қалалық спорт нысандары дирекциясының басшылығымен бірлесіп, «Медеу» БТСК «Болашақты қорғаймыз: есірткіге бірге қарсымыз!» атты ауқымды науқан өткізді.
Оған 2 мыңнан астам жастар қатысты.
«Мемлекет басшысы мен Үкімет нашақорлыққа қарсы нақты және дәйекті стратегияны жүзеге асыруда, оның аясында нашақорлықтың алдын алуға, ескертуге және жолын кесуге бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Біздің ортақ мақсатымыз – есірткісіз болашақ құру, сондықтан біз осындамыз. Бүгінгі күні біз есірткіге қарсы күрес жүргізетін тек мемлекеттік органдар ғана емес, қоғамдық қозғалыстар мен азаматтық қоғамдастықтың тақырыптық шараларға қатысуы және қолдауы біздің бірлескен күресіміз екенін көріп отырмыз. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес және бірлескен күш-жігер арқылы жастарымызды осы өлімге әкелетін есірткіден сақтандырып, қорғай алатынымызға сенімдімін», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Профилактикалық іс-шараға қатысушылар арасында анонимді ЕҚқКБ сенім телефондары және есірткі сигналдарына жедел әрекет ету үшін QR кодтары бар ақпараттық буклеттер таратылды.

20 февраля 2025
Алматыдағы сауда үйлерінде алаяқтар туралы ескертеді

Алматының Бостандық ауданында орналасқан екі ірі сауда орталығының әкімшілігі алдын алу жұмыстарына бірінші болып қосылды.
Олармен жұмыс кездесуі өтіп, тиісті меморандумға қол қойылды.
«Өкінішке қарай, қылмыс бір орында тұрмайды: күн сайын жаңа формалар мен әдістерге ие болады. Ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық көбейді. Мұны, ең алдымен, азаматтардың тіпті мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінде де байланысты шектеп тастауымен байланыстырамыз. Оны онлайн жасау ыңғайлырақ. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, бұл қауіпсіз емес. Өкінішке қарай, адамдардың көбі өздерінің жеке деректерінің ақпараттық қауіпсіздігі туралы білмейді және нәтижесінде олар оны сақтамайды. Құқық қорғау органдары зияткерлік меншік құқығының бұзылуына байланысты қылмыстардың алдын алу және күресті күшейту бағытында жұмыс жүргізуде», - деді, Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
Сауда орталықтарында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша постерлер ілініп, электронды билбордтарда интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері туралы ескертетін бейнеөнімдер көрсетілуде.
«Хабардарсың демек қарулысың. Бұл нұсқаулықтарда алаяқтардың ең танымал қылмыстық тізбектері егжей-тегжейлі сипатталған және оңай ақшаны ұнататындардың жеміне түсіп қалмау туралы кеңестер берілген. Мақсат – қоғамды қылмыскерлерден қорғап, қылмыстық әрекеттің бұл түріне жол бермеу», – деді, М.Сейсенұлы.

19 февраля 2025
Алматыда жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық қылмысы әшкере болды

Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.
«Ол Интернетте, атап айтқанда танымал хабарландырулар ресурсында жұмыс істеді. Онда бойжеткен Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінен пәтерді өте тиімді шарттармен жалға беру туралы хабарландыру жариялады. Үйге көшкісі келетіндер көп болды. Кем дегенде бес адам үй иесінің шарттарын бірден орындап, оған ай сайынғы пәтер ақысын толық аударып жіберген. Оның үстіне, алданғандардың ешқайсысы пәтерді өз көзімен көрмеген, «пәтер иесінің» сөзіне сеніп қалған. Бұл азаматтардың ең үлкен қателігі. Өзіңіз көз жеткізбеген нәрсеге ешқашан ақша төлемеу керек», - деді, Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
Спикердің айтуынша, күдікті ұсталды және қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

19 февраля 2025
Алматы полициясы мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берді

Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған іс-шаралардың келесі кезеңі бұл жолы Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №6 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өтті.
«Біздің бөлімше қызметкерлері оқытушылармен бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ олардың салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттыру әдістерін талқылап, әзірледі. Талқыланған мәселелер, жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттердің зияны, компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілердің оқу үлгеріміне әсері болды. Сондай-ақ іс-шара барысында балалар арасында қоғамдық орындарда, демалыс орындарында өзін-өзі ұстау ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарына және ата-аналардың балаларын қадағалау жауапкершілігін арттыруға баса назар аударылды. Айтпақшы, өткен жылы қаладағы білім беру ұйымдарында оқушылар мен олардың ата-аналарына 250-ден астам тақырыптық дәрістер мен әңгімелер ұйымдастырылды», - деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы