ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 февраля 2025
«Antifraud»: Алматыда әйел адам интернет арқылы азаматтарды алдаған

40 жастағы әйел өзін «әмбебап көмекші» ретінде көрсетті, ол қайырымдылық қоры арқылы біреулерге баспана алуға көмектесуге уәде берді, ал басқаларға интернет арқылы жоқ пәтерлерді жалға берді.
«Қазіргі уақытта полицияға алты адам арызданды. Келтірілген шығын көлемі «көрсетілген қызметке» байланысты 200 мыңнан 1 миллион 600 мың теңгеге дейін өзгереді. Бірнеше рет жасалған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдіктінің жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», - деді, Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Әкімшілік полиция
20 февраля 2025
Мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған жүргізушілер тәжірибелерімен бөлісті

Алматы ПД әкімшілік қамауға алынғандар үшін қабылдап-таратудан арнайы репортаж.
Мас күйінде көлік жүргізгенді ұнататындар да осы жерде әкімшілік жазасын өтейді.
«Белгілі болғандай, заң көлік құралын есірткі немесе алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жазаны күшейтті. Бұл үшін минималды жаза, әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру. Ал егер бұл құқық бұзушылық қайталанса, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Өткен жылы Алматы қаласының жолдарында алдыңғы саптағы бөлімшелердің қызметкерлерімен 2 мың 440 мас жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды. Олардың кейбіреулері жол-көлік оқиғаларының кінәлілері болды, соның салдарынан адамдар зардап шекті», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының басшысы Асхат Құлбаев.
Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері Алматыда көлікті мас күйінде басқарған 197 адам ұсталған.
Солардың бірі – алматылық Н.есімді азаматша. Ол осы ісі үшін өкінеді.
«Құрбыларыммен дәмханада болдық, сол жерде ішімдік іштік, мен рульге отырдым. Мені полиция қызметкерлері ұстады. Сот мені 7 жыл мерзімге көлік айдау құқығымнан айырып, 20 тәулікке қамауға алды. Өз әрекетіме қатты өкінемін. Менің қателіктерімді қайталамаңыздар», - деді, әйел.

20 февраля 2025
Алматы полициясы: «бейнежүйелерді алдау әрекеті бекер!»

Алматы ПД, жүргізушілердің жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылу үшін қандай қулыққа баратынын айтты.
Ең көп таралған қулықтар - бейне жүйелерден мемлекеттік нөмірді жасыру.
«Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында Алматы қаласының патрульдік полиция қызметкерлері «Алматы паркинг» кәсіпорнымен бірлесіп, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін шүберектер, жапсырмалар, картон және басқа да қолда бар құралдармен, оның ішінде ақылы автотұрақ аумағында жасыратын жүргізушілерді анықтау мақсатында рейд жүргізді.
Төле би даңғылы бойында жүргізілген бір сағаттық жергілікті іс-шара кезінде 30-дан астам жүргізуші анықталды және жауапкершілікке тартылды.
Олар тез арада тәртіп бұзушылықты түзеді және айыппұл салынды.
Осы рейдтен алты автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.
Сондай-ақ полицияда, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, бейнежүйелерді алдау әрекеттерінің пайдасыз екенін еске салды.

Әкімшілік полиция
20 февраля 2025
Балаларыңызға абай болыңыздар! Алматы полициясы мәлімдеме жасады

Өткен жылы қалада балалардың қатысуымен 1 мың 511 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 1 мың 641 бала зардап шексе, өкінішке қарай, тағы 4 бала қайтыс болды.
Алматы полициясының қызметкерлері балалардың жол-көлік жарақатын азайту бойынша профилактикалық шараларды күшейтуге назар аударады: ата-аналар, мектептер және жұртшылық белсенді қатысуда.
«Балалардың жол қауіпсіздігі бірнеше факторларға, соның ішінде қауіпсіз инфрақұрылымға байланысты болғандықтан, кешенді тәсіл маңызды. Біздің бөлімше, атап айтқанда, көше және жол желісіне зерттеу жүргізеді: жол белгілерін, бағдаршамдарды, камераларды орнатуға және ауыстыруға ұйғарым береміз. Өткен жылы жол-коммуналдық қызметі саласына 300-ден астам ұйғарым жіберілді. Біздің ауданда өткен жылы балалардың қатысуымен 341 жол-көлік оқиғасы орын алып, өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды, тағы 370-і жарақат алды. Бұл бір отбасының мұңы емес, бүкіл қоғамымыздың қайғысы. Жол қателікті кешірмейді. Балаларыңызға абай болыңыздар!», - деді, Алатау аудандық ПБ әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Шыңғыс Нұрахметов.
Спикердің айтуынша, «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары жастармен кездесулер өткізуде.
Бұл жолы полицейлер №152 жалпы орта мектебінің оқушыларымен құқықтық тәрбие сағатын өткізді.
Онда сұрақ-жауап, жол қозғалысы ережелері сабағы, иллюстрациялық буклеттер таратылды, ал «Жас сақшы» сынып оқушылары арасында қызметтік көлік көрсетілді.

20 февраля 2025
Алматы полициясы шпиондық қаламды тәркіледі

Күдікті жабдықтарды сатты деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды.
Оны Алматы «Киберполының» қызметкерлері «Antifraud» республикалық іс-шарасы аясында ұстады.
«Жедел іс-шаралар нәтижесінде аудиожазбаларды жасырын алу үшін арнайы техникалық құрылғыны сату әрекеті анықталды. Жергілікті тұрғын ұсталды. Ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын ол автоқалам түріндегі шпиондық құрылғыны сатқан. Өзімен бірге тағы да осындай қаламсап болған, оны да сатуды жоспарлаған. Жетісу аудандық полиция Басқармасында ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді, Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес Басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

20 февраля 2025
Заң мен Тәртіп: Алматы полициясы түрмеден босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға көмектесті

Ішкі істер Министрі жариялаған «Профилактика жылы: заң мен тәртіпті күзететін полиция», сондай-ақ «Тіркелген элемент» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясының қызметкерлері бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағытында жұмыстар жүргізуде.
Бір ғана қаланың Түрксіб ауданында іс-шара уақытында ІІО-да профилактикалық есепте тұрған 3 адам жұмысқа орналастырылды.
«Бұрын сотталғандар жасаған қылмыстардың алдын алуда олардың әлеуметтік қорғалуы және қоғамға тез бейімделуі маңызды рөл атқарады. Тәжірибе көрсеткендей, қайталанатын қылмыстарды тұрақты табысы жоқ адамдар жасайды. Осыған орай, соттылығы өтелмеген адамдарды жұмысқа орналастыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, бас тартқандарына қарамастан, учаскелік полиция инспекторлары ай сайын аудандық жұмыспен қамту орталығына ІІО-да есепте тұрған азаматтардың жұмысқа орналасу тізімдерін жіберіп отырады. Айтпақшы, өткен жылы ұсынылған бос орындарға 24 адам жұмысқа орналасты», - деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының басшысы Думан Аухадиев.
Сонымен қатар, қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлар пробация қызметімен бірлесіп, есептегі адамдардың өмір салты мен мінез-құлқын анықтау мақсатында тұрғылықты жері бойынша күн сайын тексеру жүргізеді.
«Бүгінгі таңда ауданымызда 318 тіркелген азамат түнгі уақытта тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде 3 заң бұзушылық анықталды. ҚР-ның әкімшілік қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін бір дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қадағалаудағы тағы екі адамға қатысты сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімін жойды», - деді, Думан Аухадиев.

Жергілікті полиция қызметі
20 февраля 2025
«Қауіпсіз жол»: заңсыз қайта жабдықталған автобустар айыппұл тұрағына орналастырылды

Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және оның салдарларының ауырлығын азайтуға бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Іс-шараның мақсаты – профилактикалық жұмыстарды жандандыруды және оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту, дұрыс қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктегі жазатайым оқиғаларды азайту.
«Жеке құрамға жүктелген негізгі міндет – жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау және алдын алу, өрескел бұзушылықтардан бастап – көлік құралын мас күйінде жүргізу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен немесе радиоқабылдағышпен сөйлесу, апаттық белгілері айқын көрінетін көлік құралдарын анықтауға дейін, жол ережесін бұзатын жүргізушілерді анықтау. Сонымен қатар, «Қауіпсіз жол» науқаны аясында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауға баса назар аударылатын болады. Атап айтқанда, инспекторлар автопарктер мен автотұрақтарды аралап, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізеді. Жоспарланған іс-шаралардың ішінде оқу орындарының студенттеріне арналған семинарлар бар», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Спикердің айтуынша, бүгін таңертең жүргізілген рейд барысында қалааралық екі автобус жолдан шығарылды. Полиция, оның заңсыз қайта жабдықталу дерегін анықтады және бұл, полицияның пікірінше, қайтымсыз салдары бар оқиғалардың қауіпті алғышарты болып табылады.
Екі автобус та арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.

Жергілікті полиция қызметі
20 февраля 2025
Алматы полицейлері босанатын әйелді перзентханаға жеткізді

Алматыда тағы бір қуанышты оқиға орын алды. Патрульдік полиция қызметкерлері Інжу есімді қызды дүниеге әкелуге көмектесті.
«Әл-Фараби даңғылында Марков көшесінің қиылысында бізді «Kia» маркалы көліктің жүргізушісі тоқтатты. Ол әйелін толғақ қысып, перзентханаға апара жатқанын айтып, емдеу мекемесіне дейін ертіп апаруларын өтінді. Радиостанция арқылы кезекшіден перзентханаға хабарласып, босанатын әйел туралы хабарлауын өтіндік. Кешкі уақыт еді, қарбалас, кептеліс. Сонда да перзентханаға тез жетіп үлгердік. Жарты сағаттан кейін әйел босанды. Шын жүректен құттықтаймыз», – деді, Жергілікті полиция қызметі Басқармасының мамандандырылған батальонының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Асхат Мамедалы.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ана мен сәбидің жағдайы жақсы. Олар баланың әкесімен байланыста отыр.
Белгілі болғандай, Інжу - отбасындағы екінші бала.
Жаңа туған қызды үйде әпкесі күтіп отыр.

20 февраля 2025
Алматыда жастарға арналған кезекті дәріс өтті

Бұл жолы аудитория Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттерінен құралды.
«Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Алматыда студенттер қауымы үлкен және 180 мың адамды құрайды. Олар 36 жоғары оқу орнында білім алады. Студент жастар – кез келген қоғамның ең озық және ұйымдасқан бөлігі. Сондықтан мен жастарды Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтауға және өзін-өзі тәрбиелеуге шақырғым келеді. «Хабардарсың, демек, қарулысың» адам өмірінің барлық дерлік салаларында өзекті. Әсіресе қауіпсіздік мәселесінде. Біз өскелең ұрпаққа қырағылық пен сақ болуды үнемі ескертеміз: қылмысқа, соның ішінде интернет-алаяқтыққа қатысушы болмаңдар, өз мүліктеріңе, жеке деректеріңе қамқорлық жасап, азаматтық белсенді болыңдар», - деді, Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес Басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Сондай-ақ баяндамашы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған танымдық дәрістер топтамасы жалғасып жатқанын еске салды.

Әкімшілік полиция
20 февраля 2025
Алматыда мың мопед тіркелді

Алматының әкімшілік полициясы, мопедті тіркеу науқаны басталғалы бері мыңнан астам мопед қолданушысының бұл процедураны орындағанын хабарлады: олар көлік құралының тіркеу нөмірін, техникалық төлқұжатын алды және басқа да жол қозғалысы қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады.
«Сонымен қатар, мопед жүргізушілерінің А1 жүргізуші санаты болуы керек екенін еске саламыз. Ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркелгеннен кейін және тиісті жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасы Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.
Баяндамашы, ағымдағы жылдың 5 сәуірінен кейін уәкілетті органда тіркеуден өтпеген және «А1» санатты жүргізуші куәлігінсіз мопедті басқарған мопед жүргізушілері ҚР ӘҚбК-нің 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 2-1-бөлігі, 612-бабы және 797-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын және мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылатынын еске салды.
Жаза: 10 АЕК, 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы