БОЛАШАҚ ІРГЕТАСЫ: ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ӨЗАРА ҚҰРМЕТТІ ҮЙРЕТУДЕ

БОЛАШАҚ ІРГЕТАСЫ: ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ӨЗАРА ҚҰРМЕТТІ ҮЙРЕТУДЕ

Қарасай ауданында полиция қызметкерлері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында отбасылық құндылықтарды нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылық пен бұзақылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Полиция қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілеріне мейірімділік, сыйластық, жақындары мен достарына деген қамқорлық туралы түсінікті және қызықты түрде айтып берді. Іс-шара балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, олар бірін-бірі қолдаудың, үлкендерді құрметтеудің, әлсіздерді ренжітпеудің және әрқашан әділетті болудың маңызын түсінді.

– Кездесу барысында арнайы тәжірибе жүргіздік. Оның мақсаты – балалардың өз сезімдері мен эмоцияларын ашық білдіруден қорықпауының маңыздылығын көрсету. Біз оларға жылы әрі түсінікті түрде қорқыныш пен қиындықтар туралы айту – әлсіздік емес, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды қадамы екенін түсіндірдік, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Олардың айтуынша, тәрбие – балалық шақтан басталады. Мектепке дейінгі кезеңде тұлғаның моральдық және адамгершілік негіздері қаланады. Балаларды кішкентай кезінен ата-анасына, айналасына және өзіне қамқор болуға үйрету маңызды.

– Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу – қарапайым, бірақ аса маңызды дүниелерден басталады: назар, қамқорлық көрсету және ашық қарым-қатынас жасау. Бала дүниеге келген күннен бастап қауіпсіз әрі берік отбасы құруға ұмтылу қажет. Ерте жастан қарым-қатынас мәдениетін, өзара құрмет пен қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңызды шарты, – деді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Сонымен қатар, балалар арасындағы буллингтің алдын алуға ерекше назар аударылды. Полицейлер балаларға кез келген агрессия мен мазақтауға жол берілмейтінін түсіндіріп, достық, өзара көмек пен құрмет – бақытты балалық пен берік қоғамның негізі екенін айтты.

Полицейлер жастайынан сыйластықты, өзара түсіністік пен жауапкершілікті дамыта отырып, біз болашақта қауіпсіз, үйлесімді қоғам құратынымызға сенімді.