«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысы Полиция департаментінің және аудандық бөлімшелердің басшылығы өңір жолдарына шығып, рейдтік жұмыстар жүргізді.
Полицейлер жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізіп, жол жүру ережелерін және оларды қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Түсіндіру жұмыстары барысында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне, жылдамдықты асырмау және көлікті мас күйінде басқаруға жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
– Басшылықтың мұндай іс-шараларға қатысуы жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға және қоғам алдында жеке үлгі көрсетуге бағытталған, – деп атап өтті ведомствода.
Оқиға орнында жүргізілетін профилактикалық жұмыс – әрбір жүргізушіге ережелерді сақтау өз қауіпсіздігіңіз бен айналаңыздағы адамдардың өмірін қорғаудың кепілі екенін тағы бір еске салудың мүмкіндігі.
Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды мұқият, сақ және жауапты болуға шақырады.