Алматы облысы полиция департаменті есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі кеңес жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған бейнеролик әзірлеу бастамасын көтерді.
Бейнероликтің басты идеясы – бейжай қалмау. Бұл – жасөспірімдер мен жастар арасында жиі кездесетін жағдайлар туралы: шифрланған жазулары бар түрлі-түсті граффити, аулалар мен саябақтардағы күмәнді «есірткі жасырулар», белгісіз адамдардың ғимараттарда таңбалар қалдыруы. Мұның бәрі – есірткі қаупінің белгілері
– Біз әрбір жасөспірімге жеткізгіміз келетіні: сенің дауысың маңызды. Немқұрайлық таныту біреудің өміріне қауіп төндіруі мүмкін, ал белсенділік танытсаң – болашақты сақтап қалуыңа ықтимал. Егер күмәнді заттардың куәгері болсаң – әрекетсіз қалмай, дереу полицияға хабарла. Бұл – нағыз азаматтық ұстаным, – дейді жоба авторлары.
Бейнероликте есірткіге қарсы күрес – тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екеніне ерекше назар аударылған. Әсіресе жастардың рөлі маңызды, себебі олар – есірткі таратушылардың басты нысанасы ғана емес, сонымен бірге оларға қарсы тұра алатын күш.
Бейнеролик әлеуметтік желілерде, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында кеңінен таралуда. Оның мақсаты – үрей тудыру емес, керісінше, сананы оятып, өзіңе және өзгелерге деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Алматы облысының полициясы азаматтарды бейжай қалмауға шақырады: егер есірткі-граффити, жасырылған заттар немесе күмәнді тұлғаларды байқасаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз. Сіздің ақпаратыңыз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Елдің болашағы – жастардың қолында. Дұрыс таңдау жаса: үнсіз қалу немесе зұлымды тоқтату.