АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «МЕРГЕН» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «МЕРГЕН» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

17 сәуірде басталған және азаматтық пен қызметтік қару айналымы саласындағы заң талаптарының сақталуын күшейтуге бағытталған «Мерген» жедел-профилактикалық іс-шарасы Алматы облысында жалғасуда.

Акция аясында полицейлер қару сақтау талаптарының орындалуын тексеріп, халықпен тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырудың тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, жеке шаруашылықтарда және жайылымдарда рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұдан бөлек, табиғатты қорғау ұйымдарымен бірлесіп, қызметтік қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау ережелерінің сақталуы бақылауға алынды.

Іс-шара облыстың барлық аудандарын қамтиды және қоғамдық қауіпсіздікті кешенді түрде қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылуда. Оған әкімшілік, криминалдық және жергілікті полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ қару айналымы саласындағы мамандар қатысуда.

Алматы облысының полициясы тұрғындарды бейжай қалмауға шақырады. Егер сізге заңсыз қару немесе оқ-дәрі сақтау деректері белгілі болса, 102 нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз. Ақпараттың құпиялылығы толықтай сақталады.