Алматы облысы ПД Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері оқушылар, ата-аналар және педагогикалық құрам арасында жүйелі профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда.
Кезекті кездесу Еңбекшіқазақ ауданының мектептері мен колледждерінде өтті. Іс-шара барысында полицейлер интернет-алаяқтардың құрбаны болмау жолдарын түсіндіріп, жиі кездесетін алдау тәсілдері, жалған жеке кәсіпкерлер мен ЖШС арқылы жасалатын қылмыстық схемалар және т. б. туралы баяндады.
Сонымен қатар, құқыққа қайшы әрекеттерге жасөспірімдерді тартудың алдын алуға ерекше назар аударылды. Полицейлердің айтуынша, қылмыскерлер жиі жағдайда кәмелетке толмағандар мен студенттерді жалған компаниялар, банктік шоттар мен электронды әмияндар ашу үшін пайдаланып, кейін оларды қылмыстық әрекеттерде қолданады.
Киберқылмыстың алдын алу мен халықты ақпараттандыру – полиция жұмысының басты бағыттарының бірі болып қала береді. Мұндай кездесулер облыстың басқа да аудандарында жалғасатын болады.