ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылғы 15 сәуірде Қонаев қаласында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Е. Абдрахимнің төрағалығымен есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің үйлестірілуін қамтамасыз ететін өңірлік Ведомствоаралық штабтың отырысы өтті.

Штаб жұмысына облыстық басқармалар басшылары, аудан және қала әкімдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

– Жиын қорытындысы бойынша жастар арасында алдын алу шараларын жалғастыру, әлеуметтік жарнама және медиа арқылы ақпараттық жұмыстарды күшейту, қоғамдық орындарда бейнероликтер көрсету, сондай-ақ заңсыз контент тарататын интернет-ресурстарды бұғаттау бойынша бірлескен шараларды жандандыру туралы шешім қабылданды, – деп хабарлады полицияда.

Сонымен қатар, нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру тапсырылды. 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың орындалуы бойынша жинақталған ақпарат ұсынылатын болады.