
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Алматы облысының Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында рейдтік іс-шаралар өтті. Тексерістің негізгі мақсаты – қала тазалығы мен санитарлық талаптарды сақтамау фактілерін анықтау болды.
Полиция қызметкерлері уәкілетті органдар өкілдерімен бірлесіп, тексеру барысында белгіленген тазалық пен тәртіп нормаларын елемеу жағдайларын анықтады. Ережені бұзған тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық жағдайды жақсартуға, азаматтардың тазалық пен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назарын аударуға бағытталған. Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын абаттандыру ережелерін сақтауға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға шақырады.