2025 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер күшіне енеді. Бұл өзгерістер жауапкершілікті күшейтуге, қауіпсіздікті арттыруға және процестерді автоматтандыруға бағытталған.
Жаңа құқық бұзушылықтар құрамы – «Көлік қозғалысы кезінде терезеден шығу – 10 АЕК айыппұл», «Қарсы жолаққа шығу (құқықтан айырмай) – 30 АЕК айыппұл», «Қарсы жолаққа шығу және ЖКО жасау – 9 айға жүргізуші құқығынан айыру», «Теміржол өткеліндегі бұзушылық және ЖКО – 9 айға жүргізуші құқығынан айыру», «Медициналық емес мақсатта есірткі қолдану – 40 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке қамау (қайталанса – 80 АЕК/20 тәулік)».
Жауапкершілікті күшейту – «Жедел қызметтерге жалған қоңырау шалу – 120 АЕК-ке дейін айыппұл», «Арнайы көлікке жол бермеу – 40 АЕК-ке дейін айыппұл», «Жарамсыз паспорт пайдалану – 200 АЕК айыппұл», «Теміржол өткелінен өту ережесін бұзу – 20 АЕК айыппұл», «Көліктің ауаға зиянды зат бөлуі – 10 АЕК айыппұл», «Жасыл желектерді кесу – 30 АЕК айыппұл».
Жазаны жеңілдету – «Ақылы тұраққа төлем жасамау – айыппұл 1 АЕК-ке дейін төмендетілді», «Жәбірленушісіз болған ЖКО – жүргізуші құқығынан айыру алынып тасталды, 20 АЕК айыппұл».