ӘРБІР ӨТІНІШ МАҢЫЗДЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ӘРБІР ӨТІНІШ МАҢЫЗДЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев кезекті азаматтарды қабылдауын өткізді.

Өтініштердің негізгі бөлігі қылмыстық істердің тергелу барысына қатысты болды. Әрбір арыз бойынша жан-жақты түсініктемелер беріліп, мәселелерді жедел шешу үшін нақты шаралар қабылданды.

Барлық өтініштер полиция басшылығының жеке бақылауына алынды. Жауапты бөлімшелерге барлық арыздарды жан-жақты, объективті және уақтылы қарастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

– Ашық диалог – біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі. Халық дер кезінде объективті жауап алып, өтініш-тілектерінің назардан тыс қалмай, әрбір жағдайдың әділ қаралуын қадағалауы керек. Мұндай форматтағы кездесулер мәселелерді жедел шешуге ғана емес, сонымен бірге қоғамның құқық қорғау жүйесіне деген сенімін нығайтуға да ықпал етеді, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы.

Азаматтарды қабылдау осы нұсқада тұрақты түрде өткізіліп, жалғасатын болады. Әрбір өңір тұрғыны еш кедергісіз көмекке жүгініп, кеңес алып немесе өз құқықтарын қорғау мүмкіндігіне ие болуы маңызды.

Алматы облысының полиция департаменті құқық қорғау жүйесінің ашықтығын, қолжетімділігін және айқындылығын арттыру бағытында жұмысын жалғастыруда.