БАЛҚАШ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МЕКТЕП АУМАҒЫН КӨГАЛДАНДЫРУ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

БАЛҚАШ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МЕКТЕП АУМАҒЫН КӨГАЛДАНДЫРУ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Наурызнама онкүндігі аясында Балқаш ауданында көктемгі жаңару мерекесіне арналған экологиялық акция өтті. Полиция қызметкерлері кадеттермен бірге Бақанас ауылының орта мектебі аумағында қайсарлық, төзімділік және даналықтың символы саналатын қылқан жапырақты ағаштарды отырғызды.

Іс-шара «Жаңару – жаңа идеялар – өсіп-өркендеудің жаңа кезеңі» ұранымен өтті. Бұл тек өңірді көгалдандыруға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар жастардың бойында патриотизмді, еңбекті құрметтеуді және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік бастама болды.

Қылқан жапырақты ағаштардың таңдалуы кездейсоқ емес – мәңгі жасыл ағаштар жыл мезгіліне қарамастан мықтылығын сақтайды, дәл сол сияқты, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін адамдар да өз ұстанымдарына берік. Балқаш ауданының полиция қызметкерлері бұл символ өсіп келе жатқан ұрпаққа тұрақты өмірлік қағидаттардың маңыздылығын еске салады деп сенеді.

– Біз осы көшеттер тәрізді жаңа дәстүрлер мен идеялардың негізін қалап, өз мақсаттарымызға ұмтыламыз, сонымен бірге өмірлік құндылықтарды сақтаймыз. Табиғатты қорғау, ағаш отырғызу – болашаққа қосқан маңызды үлес, ол жастарды дұрыс үлгіде тәрбиелеуге көмектеседі, – деп атап өтті Балқаш ауданы полиция бөлімінің бастығы Айдар Умаров.

Экологиялық акция Наурыз мерекесін атап өтудің бір бөлігіне айналды. Бұл ежелгі мереке – жаңару, көктем және бірліктің символы. Полицейлер әр отырғызылған ағаш тек мектеп аумағының сәні ғана емес, табиғатты қорғаудың – болашаққа деген қамқорлық екенін еске салатын белгі болады деп сенеді.