ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІР КҮНДЕ ЗАҢСЫЗ КӨШІ ҚОННЫҢ ЕКІ ДЕРЕГІН АНЫҚТАДЫ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІР КҮНДЕ ЗАҢСЫЗ КӨШІ ҚОННЫҢ ЕКІ ДЕРЕГІН АНЫҚТАДЫ

63 жастағы әйел заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. "Мигрант" шарасы шеңберінде рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Тұздыбастау ауылы тексеруден өтті.

Дерек бойынша ҚР ҚК 394-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық іс қозғалды (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру). Әйелге үлкен ақшалай айыппұл, шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты "келу туралы міндеттеме"мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сонымен қатар, салынып жатқан нысандардың бірінде тәртіп сақшылары Қазақстанда еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 19 шетелдік-гастарбайтерді анықтап, ұстады. Барлық ұсталғандар аудандық полицияға жеткізіліп, қабылдағыш-таратушыға қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, 11-15 наурыз аралығында облыс аумағында "Мигрант"республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.