АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ МЕН ПОЛИЦИЯСЫ "ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ" ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ МЕН ПОЛИЦИЯСЫ "ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ" ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Бүгін Алматы облысының прокуратурасы мен Полиция департаменті "Жол қозғалысының қауіпсіздігі"атты жаңа жобаны іске қосты. Жобаның іске қосылуы жол-көлік оқиғаларының өсуіне тікелей байланысты. Статистика бойынша, өткен жылы облыс аумағында 1 700-ден астам ЖКО тіркелген, онда 2 369 адам зардап шегіп, 300-ден астам адам қаза тапқан, оның 30-ы балалар.

Облыс прокуроры Берік Адамов іске асырылып жатқан жоба аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі шаралар қабылданатынын атап өтті. Қазірдің өзінде әр ауданда прокуратура, полиция, әкімдік және қоғам белсенділері қатарынан мобильді топтар құрылды, проблемалық учаскелерді жою жөнінде нақты шаралар қабылдау үшін аталған жол бөліктері анықталатын болады.

"Полиция қызметкерлері жолдар мен көше-жол желісіне 1 270 тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша 1 276 ұйғарым шығарылды, автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 164 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолдардың қауіпті учаскелерінде 29 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды, қосымша 120 - дан астам осындай кешен орнату жоспарлануда", - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Аленов.

Жоба бес бағыт бойынша іске асырылатын болады, бұл ЖКО себептерін анықтау және жою, рейдтік іс-шаралар жүргізу, жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау, проблемалық учаскелерде аппараттық-бағдарламалық кешендерді орнату, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру.

Жобаға облыс тұрғындары да қатыса алады.
Ол үшін біздің телеграмм арнамызға (+7-777-012-35-91) жол белгілерінің, жарықтандырудың, бағдаршамдардың болмауы, қардың уақтылы күрелмеуі, сапасыз құрылыс, автожолдарға қызмет көрсету және жөндеу, жолда малдың болуы және т. б. деректер туралы фото және бейне материалдарды жолдау қажет.