АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Іле ауданының полиция қызметкерлерінің атына Алматы облысының Боралдай кентінде болған ЖКО кезінде зардап шеккендерден алғыс хат келіп түсті.
"Хат авторы полицейлер тарапына, атап айтқанда полиция инспекторы Дархан Қасымшаловқа, сондай-ақ ӘПБ қызметкерлеріне өз жұмысына жанашырлықпен және мұқият қарағаны үшін алғыс білдірді. Әріптестеріміздің жедел жұмысының арқасында кінәлі адам жауапкершіліктен қашып құтыла алмады",-деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 31.12.2022 ж.-дан 01.01.2023 ж. -ға қараған түні сағат 02:36 шамасында Боралдай кентіндегі сауда үйінің тұрақ алаңында "ХЮНДАЙ" маркалы автокөлік жасөспірімді қағып кетіп, тұрған автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары кінәліні одан әрі жауапкершілікке тарту үшін анықтап, ұстай алды.