Алматы облысында кезекті мал ұрлығы ашылды

Алматы облысында кезекті мал ұрлығы ашылды

Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлады деген күдікке ілінген азаматтың жеке басын анықтап, оны ұстады.
"Балқаш ауданы ПБ-ға Миялы ауылының 40 жастағы тұрғыны 1 бас ірі қара малын ұрлап кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау қажеттілігі туралы арызданды. Қылмыс жайылым учаскесінде жасалған. Келтірілген материалдық залал 500 000 теңге сомасында есептеледі", - деп хабарлады.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамды анықтап, ұстады.
"Аталған дерек ҚР ҚК 188-1-бабының 2-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді, яғни мал ұрлығы. Сотқа дейінгі тергеу барысында Бақбақты ауылының тұрғыны болып табылатын 25 жастағы күдікті анықталып , ол өз кінәсін толық мойындады. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі аясында жария етілмейді", - деп толықтырды Балхаш ауданының бастығы полиция полковнигі Руслан Қажмұратұлы