Полицейлер Алматы облысында қайырымдылық акциясын өткізді

Полицейлер Алматы облысында қайырымдылық акциясын өткізді

Алматы облысында "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясын қолдау мақсатында ПД ЖПҚБ қызметкерлері аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетті. Полиция департаменті барлық қажетті мектеп керек-жарақтары, мектеп және спорт киімдері, сондай-ақ рюкзактар сыйға тартылғанын хабарлады.

«Акция аясында облыстық ПД ЖПҚБ қызметкерлері Талдықорған қаласындағы аз қамтылған отбасыға барды. Біз балаға білім алудың алғашқы қажеттілігі болып табылатын мектеп және спорт формасын, кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға көмектестік. Полиция қызметкерлері осындай акцияны тұрақты түрде өткізіп тұрады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерге жаңа оқу жылында табыстар мен биік белестерге жетуді тілеймін» деді Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығы, полиция полковнигі Бағдат Ашимов.

"Менің қызыма осындай үлкен көмек ұйымдастырғаны үшін көп рахмет айтқым келеді. Баршаңызға зор денсаулық, қажырлы, жемісті еңбек тілеймін. Осындай мейірімді, үлкен жүректеріңіз үшін рахмет", - деді полицейлерге қыздың анасы.

 

 

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі