Алматы облысының полицейлері бірнеше сағаттың ішінде ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

Алматы облысының полицейлері бірнеше сағаттың ішінде ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

Қапшағай ҚПБ полиция қызметкерлері бейтаныс адамның қалтасынан ақша қаражатын ұрлаған күдіктіні ізін суытпай тауып, ұстады. Құрылған жедел топ өзінің кәсібилігінің арқасында күдіктіге жазадан қашуға мүмкіндік бермеді.

«Қапшағай полициясының кезекші бөлімінің пультіне 39 жастағы Нұрсұлтан қаласының тұрғынынан су қоймасының жағасында белгісіз біреулер 20 мың теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлағаны туралы хабарлама берді. Полиция қызметкерлері бірден күдіктіні іздеуге кірісті. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында тәртіп сақшылары азаматтың жеке басын анықтап, көп ұзамай оны полицияға жеткізді» - деп Капшағай КПБ бастығының орынбасары, полиция капитаны Нұрлан Қуанышпаев хабарлады.

Ұрланған ақшаны полиция заңды иесіне қайтарды. Соңғысы өз кезегінде полиция қызметкерлеріне жеделдік үшін алғыс айтып, оларға қызметіне табыс тіледі.

«40 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Өзге ақпаратты тергеу мүддесі үшін жариялауға болмайды» - Қуанышпаев сөзін түйіндеді.