Алматы облысында сәтсіз әзілдің соңы қылмысқа ұласты

Алматы облысында сәтсіз әзілдің соңы қылмысқа ұласты

Кеше, сағат 23.00 шамасында Жамбыл АПБ кезекші бөліміне Қарғалы ауруханасынан 26 жастағы жергілікті тұрғынның кеуде қуысының және мойынның кесілген жарақатымен ауруханаға жатқызылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіруге оқталу" бойынша тіркелді.
Оқиға орнына жеткен жедел топ пышақ жарақатын салғанын мойындаған 41 жастағы жергілікті тұрғын - күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған азамат бұған дейін көрші тұратын жәбірленушіні сәтсіз әзілдегенін айтқан. Келесі күні досымен бірге спирттік ішімдік ішу кезінде жәбірленуші жолдасының қолдауымен әзілкешке жазасын бермек болған. Есікті қатты қағып, олар оны әңгімеге шақырған. Күдікті ұзақ уақыт есікті ашпаған, алайда соққы күшейе бастаған сәтте ол шыдай алмай, үстелден ас үй пышағын алып, жәбірленушінің мойны мен кеудесіне соққы берген. Қылмыс құралы-пышақ тәркіленді. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Алматы облысы ПД баспасөз қызметі