Алматы облысының полицейлері «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын бастады

Алматы облысының полицейлері «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын бастады

Алматы облысының аумағында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.
«Арнайы іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар жасайтын және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау, құқық бұзушылық жасауға бейім жасөспірімдерді, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісті түрде орындамайтын кәмелетке толмағандардың ата-аналарын не заңды өкілдерін анықтау және ішкі істер органдарына есепке қою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалу фактілерінің алдын алу, жасөспірімдермен және тұрмысы қолайсыз отбасылармен жеке-алдын алу жұмыстарын жүргізу. Рейдтік іс-шаралар ағымдағы жылдың 26 ақпанына дейін жалғасады", - деп хабарлады Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Бағдат Әшімов.
Жедел-алдын алу іс-шарасының ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті арнайы жұмыс топтарын құрды.