«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні. Алматы облысының жолдарында 1762 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні. Алматы облысының жолдарында 1762 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.

Полиция қызметкерлері облыс жолдарында кең ауқымды жұмыстар жүргізу арқылы алдын алу жұмыстарын жандандыру және қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша талаптардың сақталуын бақылауды күшейту, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктегі апаттылықты азайту мақсатын көздейді.

  «Республикалық іс-шараның бірінші күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1762 жағдайы анықталды. Оның ішінде: мас күйінде көлік құралын басқарудың 18 фактісі, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген жүргізушілердің көлік құралдарын басқарудың 114 фактісі, рұқсатсыз Көлік құралдарын қайта жабдықтаудың 19 фактісі, маневр жасау қағидаларын бұзу – 127, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау - 262, қарсы қозғалыс жолағына шығу – 2, жаяу жүргіншілер өткелінен өтуді бұзу – 45 және басқалар. Сонымен қатар, 315 жаяу жүргіншіге жүріс бөлігін ретсіз кесіп өткені үшін айыппұл салынды», - деп, Алматы облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бағдат Әшімов бірінші күннің қорытындысымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл сынақ 19 ақпанға дейін жалғасады.

 

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі