Алматы облысында қарт зейнеткерге шабуыл жасап, тонап кеткен ауыл тұрғыны ұсталды.

Алматы облысында қарт зейнеткерге шабуыл жасап, тонап кеткен ауыл тұрғыны ұсталды.

Бұл дерек Қаратал ауданында тіркелді, 16 ақпанда Жергілікті полиция қызметкерлеріне жүгінген тонау туралы арыз беруші Ескелді ауылының 72 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қарт ер адам белгісіз адамның құрбаны болғанын, оны ұрып-соғып, әмиянынан 42 мың теңгені ұрлап кеткенін хабарлады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігімен (тонау) қарастырылған қылмыстық тергеу амалдары жүргізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция күдіктіні "ізін суытпай" анықтап, ұстады. Ол бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 55 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

"Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Ақшаның бір бөлігі ұсталған адамнан табылып, тәркіленді. Белгілі болғандай, күдікті ұрланған соманың көп бөлігін алкогольге жұмсаған. Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда", - деп хабарлады полицияда.

Тергеу кезінде күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі