ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРАМЫНДА ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ БАР ӨСІМДІКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ ӨСІРУ ФАКТІСІНІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРАМЫНДА ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ БАР ӨСІМДІКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ ӨСІРУ ФАКТІСІНІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

2026 жылғы 1 тамызда «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісінің жолын кесті.

Тексеру барысында сыртқы белгілері қарасораға ұқсас, өсірілгені анық байқалатын 881 түп өсімдік анықталып, тәркіленді.

Құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды.

Анықталғандай, ол шамамен екі ай бойы өсімдіктерді өз бетінше өсіріп, оларды күтіп, суарып отырған.

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындап, өсімдіктерді өткізу мақсатынсыз, жеке пайдалану үшін өсіргенін түсіндірді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция ескертеді: құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.