ҮЙҒЫР АУДАНЫНДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

ҮЙҒЫР АУДАНЫНДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

Демалыс күндері қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді
🚨 Аптадағы демалыс күндері Ұйғыр ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Прокуратура қызмеикерімен рейдтік-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері аудан аумағындағы кафе, мейрамхана және басқа да ойын-сауық орындарын аралап, олардың иелерімен және қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
❗️ Түсіндіру барысында:
* қоғамдық тәртіпті сақтау;
* жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау;
* көлік құралын масаң күйде басқаруға жол бермеу;
* жылдамдық режимін сақтау және қауіпсіздік белдігін пайдалану;
* кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу;
* құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар мекеме иелеріне заң талаптарын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде ескертулер берілді.