АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, департамент аумағында сенбілік өткізді.

Полицейлер іргелес аумақты тазалап, жасыл желектерді ретке келтіріп, қоқыстарды жинап, қызметтік аумақтарды абаттандырды. Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаның тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға да бағытталған.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қоршаған ортаға құрметпен қараудан, ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қараудан және жеке тәртіптен басталады. Тазалық - қоғамдық тәртіптің маңызды құрамдас бөлігі, ал туған өлкенің көркеюіне үлес қосу - әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі.

Алматы облысы Полиция департаментінде экологиялық бастамаларды қолдау игі дәстүрге айналғанын атап өтті. Полиция қызметкерлері өңір тұрғындары үшін қауіпсіз, жайлы әрі таза орта қалыптастыруға өз үлестерін қосып, абаттандыру жұмыстарына тұрақты түрде қатысады.

«Таза Қазақстан» акциясы ел тұрғындарын ортақ мақсатқа, яғни елді мекендерді таза, көрікті әрі жайлы етуге жұмылдырады. Ал полицейлердің бұл бастамаға қатысуы қоғам мен қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылады.