
Еңбекшіқазақ ауданында Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, шілде айының 17–19 аралығында«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларға белсенді қолдау көрсетуге шақырамыз.
Заң мен тәртіп – әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен қоғам тұрақтылығының кепілі.