ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ 1–КҮНІ

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ 1–КҮНІ

Алматы облысы, 2026 жылғы 14 шілде — Бүгін Алматы облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткер талапкерлерді қабылдаудың алғашқы күні басталды.
Конкурстық іріктеудің басы ретінде белгіленген бұл күні абитуриенттердің Департаментке келуі және орналасуы ұйымдастырылды. Талапкерлер үшін ең маңызды кезеңнің бірі — іріктеу сынақтары барысындағы қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу болып табылады.
Өңірлік қабылдау комиссиясының мүшелері үміткерлерге сынақ кезеңдерінің тәртібін, соның ішінде дене даярлығы нормативтерін тапсыру кезіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Барлық қатысушыларға сынақтарды өткізу кезіндегі мінез-құлық нормалары мен төрешілердің нұсқауларын бұлжытпай орындау қажеттілігі жеткізілді.
«Талапкерлердің қауіпсіздігі — біз үшін басты басымдық. Бүгінгі таныстыру күні сынақтардың ашық әрі объективті өтуіне негіз қалайды. Әрбір үміткер өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін белгіленген ережелерді толық түсінуі тиіс», — деп атап өтті Өңірлік қабылдау комиссиясының өкілдері.
Алматы облысы пллиция департаменті барлық талапкерлерге, аллағы уақытта сынақтардан сүрінбей өтуге, сәттілік тілейді.