2026 жылғы 1 маусым мен 31 қазан аралығында Алматы облысының аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткісі бар өсімдіктер заңсыз өсірілуі мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарын, қараусыз қалған аумақтарды және өзге де учаскелерді тексеруде.
Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында заманауи техникалық құралдар, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) қолданылады.
Сонымен қатар есірткі заттарын жеткізу және өткізу арналарының жолын кесу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп, тұрғындар арасында, әсіресе жастарға есірткінің зияны мен есірткі қылмыстары үшін көзделген заңдық жауапкершілік туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Есірткі қылмысына қарсы күрес – әр азаматтың қауіпсіздігі мен қоғамның болашағы үшін маңызды.
Егер есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, бұл жөнінде «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.