
Сенім және СМС: Кез келген ұйымның атынан хабарласып, СМС-код сұрайды.
Қорқыту: СМС-ті айтсаңыз, «деректер қолды болды» деп үрей туғызады.
Видеоқоңырау: Күмәндансаңыз, ІІМ (МВД), ҰҚК (КНБ) не АФМ формасын киіп, видеомен хабарласады.
Несие және Дроптар: «Ақшаны сақтау керек» деп несие алғызады да, «қауіпсіз шот» деген желеумен дроптардың (бөгде адамдардың) картасына аудартқызады.
Жалған анықтама: Несие жабылды деген қолдан жасалған анықтама жібереді.
Терроризммен қорқыту: Соңында басқа адамдар хабарласып: «Ақшаңыз терроризмді қолдауға кетті, үйіңіз тінтіледі» деп психологиялық тұрғыдан біржола тұқыртады.
Есте сақтаңыз: Ресми органдар ешқашан телефонмен СМС сұрамайды және ақша аударуды талап етпейді! Тұтқаны бірден қойыңыз!