АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТТІ

Алматы облысында Астана күніне орай полиция қызметкерлері арасында волейболдан іріктеу турнирі ұйымдастырылды. Жарыс Алматы облысы Полиция департаментінің «Арлан» спорт клубының ұйымдастыруымен өтіп, салауатты өмір салтын насихаттауға, қызметкерлердің дене дайындығын нығайтуға және ұжымдық бірлікті арттыруға бағытталды. Турнир барысында командалар жоғары спорттық шеберлік, жеңіске деген жігер және ұйымшылдық танытты. Әрбір кездесу тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар полиция қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін абыроймен атқара отырып, спортта да жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын дәлелдеді. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы облысы Полиция департаменті орталық аппаратының командасы иеленді. Екінші орынға Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері лайық деп танылды. Ал үшінші орынды Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының командасы жеңіп алды. Осындай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің физикалық даярлығын жетілдіруге, ұжымдық рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосады. Алматы облысы Полиция департаментінде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта «Арлан» спорт клубы жеке құрамның дене шынықтыру деңгейін арттыру мақсатында түрлі спорт түрлерінен тұрақты түрде жарыстар ұйымдастырып келеді. Турнир достық, өзара сыйластық және әділ бәсеке рухында өтіп, полиция қызметкерлерінің бірлігі, тәртібі мен жеңіске деген ұмтылысын тағы бір мәрте айқын көрсетті.