АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Алматы облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізуде. Аталған жұмыстар аясында аумақтық полиция бөлімшелерінде профилактикалық кездесулер ұйымдастырылып, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, қызметтік әдеп қағидалары, тәртіпті сақтау мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді жасағаны үшін көзделген жауапкершілік жан-жақты түсіндірілуде. Іс-шаралар барысында адалдық, заңдылық, ашықтық және қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі қағидаттарын қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол берілмейтіні және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі. Алматы облысы Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қызметтің басым бағыттарының бірі екені атап өтіледі. Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, департамент басшылығының тұрақты бақылауында. Қабылданып жатқан кешенді шаралар қызметтік тәртіпті нығайтуға, халықтың полицияға деген сенімін арттыруға, сондай-ақ заңдылық, ашықтық және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған.