Полиция департаменті ескертеді: ауыл шаруашылығы жануарларын автомобиль жолдарының маңында бақылаусыз жаю – жол қозғалысы қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Малдың жолдың жүру бөлігіне шығып кетуі жол-көлік оқиғаларына себеп болып, адамдардың жарақат алуына, жануарлардың қырылуына және елеулі материалдық шығынға әкелуі мүмкін. Әрбір мал иесі өз жануарларын тиісті бақылауда ұстап, олардың автомобиль жолдары мен елді мекендер маңында еркін жүруіне жол бермеуге міндетті. Естеріңізге саламыз, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және жаю қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Барша мал иелерін жауапкершілік танытып, белгіленген талаптарды сақтауға шақырамыз. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адам өмірін сақтау – баршамызға ортақ міндет.