Электросамокаттар пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Электросамокаттар пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізілді.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокаттарды пайдалану тәртібіне қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Бұл өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Жаңа талаптарға сәйкес, жалға берілетін (кикшеринг) электросамокаттарды тек 18 жасқа толған және жарамды жүргізуші куәлігі бар азаматтар пайдалана алады.

Электросамокат жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, белгіленген жылдамдық режимінен аспай, өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірмеуі тиіс.

Сонымен қатар, жалға берілетін электросамокаттарды тіркеу және сәйкестендіру жүйесі енгізіледі. Бұл құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтауды жеңілдетіп, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Заң талаптарын бұзу, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін сақтамау немесе мас күйінде самокат басқару әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Электросамокат – ыңғайлы әрі заманауи көлік құралы. Оны пайдалану кезінде өз қауіпсіздігіңізбен қатар, айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз!