Алматы облысындағы «№10 мекемеде» халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне және жазғы спартакиаданың ашылуына арналған іс-шара өтті

Алматы облысындағы «№10 мекемеде» халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне және жазғы спартакиаданың ашылуына арналған іс-шара өтті

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №10 мекемесінде Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне және Жазғы спартакиаданың салтанатты ашылуына арналған ауқымды іс-шара өтті. Іс-шараны Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы облысының Полиция департаментімен бірлесіп, Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының қолдауымен ұйымдастырды. Қатысушылар үшін қазақстандық танымал әншілер Тұрал Эверест пен Руслан Добрыйдың қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Өнерпаздардың жарқын өнері мерекелік көңіл-күй сыйлап, іс-шараның көркін аша түсті. Кездесу аясында қайырымдылық мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырушылар мен демеушілердің қолдауымен Сәбилер үйіне көмек көрсетіліп, бұл әлеуметтік жауапкершіліктің, мейірімділік пен өскелең ұрпаққа деген қамқорлықтың жарқын үлгісіне айналды. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға, дене шынықтыру мен спортты дамытуға, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтар мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған. Алматы облысының Полиция департаменті аталған маңызды іс-шараны өткізуге үлес қосқан барлық ұйымдастырушыларға, депутаттарға, өнерпаздарға, демеушілер мен серіктестерге шынайы алғысын білдіреді. Осындай игі бастамалар қоғамды қайырымдылық пен ізгілік төңірегіне топтастырып, болашаққа деген сенімді нығайтып, мемлекеттік органдар мен қоғамның тиімді өзара іс-қимылының жарқын үлгісі болып табылады.