Алматы облысы полиция департаментінің бастығы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеев өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Департамент басшысының тапсырмасы бойынша мереке күні полиция қызметкерлері редакцияларға, теле-радиокомпанияларға және ақпарат агенттіктеріне арнайы барып, журналистерге кәсібилігі, объективтілігі және қоғамды ақпараттандыру ісіне қосып жүрген елеулі үлесі үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Полиция департаменті бастығының атынан Алғыс хаттар табысталды. «Журналистика – жай ғана мамандық емес, ашықтықты, объективтілікті және қоғам сенімін қамтамасыз етуге бағытталған жауапты миссия. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында азаматтар уақытылы әрі шынайы ақпарат алады. Ал полиция мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы сындарлы ынтымақтастық қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуға зор үлес қосады. Кәсібиліктеріңіз, ұстанымдарыңыз және жемісті әріптестіктеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толағай табыстар және отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді Мейрам Әбікеев. Полиция департаментінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл негізгі бағыттардың бірі болып қала беретіні атап өтілді. Жедел ақпарат алмасу, профилактикалық жұмыстарды кеңінен жариялау және бірлескен ақпараттық жобаларды жүзеге асыру арқылы халықтың құқықтық мәдениеті артып, азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімі нығая түсуде, сондай-ақ қоғаммен ашық диалог қағидаты тиімді іске асырылуда. Тәртіп сақшылары бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сарқылмас күш-қуат, тың шығармашылық идеялар, қызықты материалдар, жоғары жетістіктер мен толайым табыс тіледі.