Алматы облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасы қызмет ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды

Алматы облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасы қызмет ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды

Қазақстан полициясы күніне орай Алматы облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы ішкі істер органдарының ардагерлерін арнайы шақырып, ұрпақтар сабақтастығы мен криминалистикалық қызметтің даму жолын таныстырды.

Іс-шара барысында қонақтарға криминалистиканың әдістері мен техникалық жабдықталуының қалай өзгергені көрсетілді. Ардагерлер архивтік материалдармен, бұрын қолданылған құрал-жабдық үлгілерімен және қылмыстарды ашуда пайдаланылатын заманауи цифрлық технологиялармен танысты. Олар қызметтің жаңа мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, оның жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ бүгінгі күні сараптамалық зерттеулер жүргізу мен дәлелдемелерді тіркеу барысында қолданылатын практикалық құралдардың жұмысы көрсетілді. Өткен мен бүгінді салыстыру шақырылған қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырып, жылы әсер қалдырды.

Қызмет ардагерлері өздерінің еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, криминалистиканың бүгінгі жетістіктері алдыңғы буын қызметкерлерінің көп жылғы еңбегі мен тәжірибесінің нәтижесі екенін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар ардагерлерге көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін алғыстарын білдіріп, кәсіби дәстүрлерді сақтау мен ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті.