Алматы облысының полициясы азаматтарды әлеуметтік желілерде заң бұзушылықтарды насихаттамауға шақырады

Алматы облысының полициясы азаматтарды әлеуметтік желілерде заң бұзушылықтарды насихаттамауға шақырады

«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы облысының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, кейбір азаматтар жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері бейнеленген видеожазбаларды аудиторияның назарын аудару және қаралым санын арттыру мақсатында әлеуметтік желілерде жариялауды жалғастыруда.

Естеріңізге саламыз, интернет желісінде жарияланған кез келген құқыққа қайшы әрекет тексеру жүргізуге және кінәлі тұлғаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартуға негіз бола алады.

Алматы облысының полициясы азаматтарды заң талаптарын сақтауға, айналасындағылардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге, сондай-ақ заң бұзушылықтарды өзін-өзі танытудың немесе әлеуметтік желілерде танымал болудың құралы ретінде пайдаланбауға шақырады.

Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі әрі әрбір азаматтың жауапкершілігі.