Ұрпақтар сабақтастығы: Отанға қызмет ету – отбасылық дәстүр

Ұрпақтар сабақтастығы: Отанға қызмет ету – отбасылық дәстүр

«Полиция отбасы» ұғымының артында тек бір кәсіп қана емес, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, жауапкершілік және буыннан буынға асыл мұра болып өткен адалдық жатыр. Бүгінгі бейнеролик — құқықтық тәртіпті күзетуді өз өмірінің басты ісіне айналдырған Тасановтар әулеті туралы. Әке өнегесі — ұрпаққа аманат. Әулеттің үлкені Тасанов Болат Сәкенұлы ішкі істер органдарында. 1987жылдан 2010 жылға дейін абыроймен қызмет етті. Ширек ғасырға жуық уақыт бойы қиындығы мен қызығы мол қызметтің ыстық-суығына төзіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Әке ретінде де, тәжірибелі маман ретінде де, ол нағыз офицердің үлгісі бола білді. Әке жолын жалғаған ұл «Әке көрген оқ жонар...» демекші, отбасылық дәстүр үзілген жоқ. Екі иығына погон тағып, серт берген ұлы Тасанов Бауыржан Болатович 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарып келеді. Әкесінен алған тәрбие мен тәлімді бүгінде ел игілігі, азаматтардың қауіпсіздігі үшін жұмсауда. «Полицияда қызмет ету — бұл жай ғана жұмыс емес. Бұл — отбасылық құндылық, үлкен жауапкершілік және елге деген махаббат». Біз осындай кәсіби әулеттерді мақтан тұтамыз! Әке мен баланың Отан алдындағы адал қызметі — өскелең ұрпаққа таптырмас үлгі.