
«Заңсыз-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көші-қон заңнамасының талаптарын бұзу және заңсыз еңбек қызметімен айналысу фактілерін анықтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
– Іс-шара барысында Алатау қаласындағы нысандардың біріне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағында болу қағидаларын бұзу, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асыру саласындағы заң бұзушылықтар анықталды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тексеру қорытындысы бойынша шет мемлекеттің алты азаматы анықталды. Барлығы мән-жайды анықтау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін көші-қон қызметі бөлімшесіне жеткізілді.
Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Олар көші-қон саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға бағытталған.