ІІМ өкілі Алматы облысының тергеушілері мен анықтаушыларына әдістемелік көмек көрсетті

ІІМ өкілі Алматы облысының тергеушілері мен анықтаушыларына әдістемелік көмек көрсетті

2026 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті Аумақтық бақылау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қанат Бекаділұлы Думчебаев Алматы облысы Полиция департаментіне жұмыс сапарымен келіп, тергеу және анықтау бөліністерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға облыстық Полиция департаментінің Тергеу және Анықтау басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің тергеушілері мен анықтаушылары қатысты.

Семинар-кеңес барысында қылмыстық істерді тергеп-тексеру кезінде туындайтын өзекті мәселелер қарастырылып, жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу тәжірибесі талқыланды. Қатысушыларға қылмыстық-процестік заңнама талаптарын бірізді қолдану, дәлелдемелерді жинау мен бекітудің тиімді тәсілдері, сондай-ақ тергеу практикасының өзекті бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында полиция полковнигі Қанат Думчебаев тергеу жұмысының сапасын арттыруға, қабылданатын процессуалдық шешімдердің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты ұсынымдар беріп, қызметкерлермен тәжірибе алмасты.