
Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған «Заң мен Тәртіп – қауіпсіз балалықтың кепілі» форумы өтті.
Іс-шараға полиция қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Форум барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды.
Қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін және бұл мәселе Ішкі істер министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
Форум қорытындысы бойынша қауіпсіз балалықты қамтамасыз етуге және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған қосымша шаралар әзірленді.