
18-21 мамыр аралығында Алматы облысының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстарын күшейту, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ заң талаптарын орындаудан жалтару деректерінің алдын алу.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері атқарушылық іс жүргізу органдарымен бірлесіп, әкімшілік айыппұлдарын уақытылы төлемеген жүргізушілерді анықтап, оларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдауда. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің жолын кесу бағытындағы жұмыстар күшейтілген тәртіпте жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері азаматтарды әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырады.
Заң талаптарын сақтау – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің басты кепілі.