
Алматы облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының нормаларын түсіндіруге арналған оқыту семинары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау деңгейін арттыру, сондай-ақ құқықтық мәдениетті нығайту. Сабақ барысында жеке құрамға полиция қызметіне қатысты енгізілген негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, осы күні тәртіп сақшылары «Тасқын» шығармасын талқылап, онда табиғи апат кезіндегі адамдардың бірлігі, төзімділігі мен батылдығы көрініс табатыны атап өтілді. Департаментте жазушының шығармашылығына арналған тарихи-патриоттық және рухани-адамгершілік бағыттағы оқу сағаты өтіп, қызметкерлер өз ой-пікірлерімен еркін алмасты.
Өткізілген іс-шаралар полиция қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және рухани-танымдық дамуына бағытталған.