Алматы облысының полиция қызметкерлері іле өзенінің жағалауында «Tаза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізді

Алматы облысының полиция қызметкерлері іле өзенінің жағалауында «Tаза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізді

Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын тұрақты түрде өткізуде.

Кезекті іс-шара аясында полицейлер Іле өзенінің жағалау аймағында санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырды. Акция қатысушылары тұрмыстық қоқыстарды жинап, азаматтардың демалысына арналған аумақтарды тазалап, іргелес аумақтарды ретке келтірді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері демалушылармен қоғамдық орындарда тазалық сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және қоршаған ортаны болашақ ұрпақ үшін сақтау қажеттілігі жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алматы облысының қонақтары мен жергілікті тұрғындарға экологиялық бағыттағы ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды.

Полиция департаментінде мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Себебі экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру – барша қоғамның ортақ міндеті.